Аудан әкімі Әкім аппараты Мәслихат Аумақтық органдар Селолық округтер Виртуальды қабылдау бөлмесі Сілтемелер

Аумақтық органдар

Көкпекті аудандық жер-кадастрлау бюросы

Меңгерушісі Сенгербаев Оралхан Сайлауович

Оралхан Сайлауұлы Сенгербаев 1959 жылы 17 желтоқсанда туған. Білімі жоғары, агроном ғалым мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген.  

1980 жылдың наурыз айынан бастап 1983 жылдың ақпан айына дейін ШҚО Самар ауданы, Амангелді атындағы колхозының агрономы.
1983 жылдың наурыз айынан 1985 жылдың қыркүйек айына дейін Талғар ауыл шаруашылық техникумы кәсіподағының төрағасы.
1985 жылдың қазан айынан 1989 жылдың қазан айына дейін ШҚО Самар ауданы, Амангелді атындағы колхозының кәсіби комитетінің төрағасы.
1989 жылдың қазан айынан 1991 жылдың желтоқсан айына дейін Самар аудандық комитет партиясының нұсқаушысы.
1991 қаңтар айынан бастап 1996 жылдың наурыз айына дейін «Новая жизнь-Жаңа өмір» аудандық газеті редакторының орынбасары.  
1997 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін ВК ДГП «Восток НПЦзем» шаруашылық есеп тобының басшысы.  
2005 жылдың наурыз айынан бастап Көкпекті аудандық жер-кадастрлау бюросының меңгерушісі.


 Қабылдау күндері: Көкпекті ауылы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма
Самар ауылы сейсенбі, бейсенбі

 Адресі:
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Горная көшесі 36 үй 17 пәтер, индексі  071000
Телефоны: 8(72348)2-15-18

Қызмет нысаны:
Қызмет нысаны мемлекеттік жер кадастрын, жер және жерге орналастыру мониторингін  жүргізу және жетілдіру бойынша жұмыстарын жүзеге асыру болып келеді. 
Барлық фирмалардағы және ұйымдардағы еншілес кәсіпорындардың мүддесін өкілдік етеді, заңды және жеке тұлғалармен жұмысты орындауға шарт жасайды, және жұмыстың барлық түрін сапалы шығарып, орындауға, еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға жауапты.


«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті  Көкпекті ауданының  әділет басқармасы» ММ

Заңды мекен-жайы: 071 000 Қазақстан Респудликасы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті селосы Шерияздана көшесі, 38 үй
Құрылу уақыты 01.03.2005 ж.
Телефон: 8/72348/2-16-50, 2-11-14, 2-15-16
Факс: 8/72348/2-11-89
Электрондық мекен-жайы: Kokpek-Just@ustk.kz

Қызмет бағыты:

  • нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз ету;
  • заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін жіне филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
  • азаматтық хал актілерін тіркеу;
  • халықты құжаттандыру, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен  паспорттар беру, азаматтарды есепке алу және тіркеу;
  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің құқықтық кадастрын жүргізу;
  • санаткерлік құқықтық меншікті қорғауда мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру;
  • құқықтық насихаттау.

Көкпекті аудандық әділет басқармасының бастығы -

Қызметтік міндеттері:

  • басқарма жұмысын ұйымдастыру және басқарма қызметін үйлестіру;
  • бұйрықтар шығару;
  • өз құзыреті төңірегінде  аудандық және селолық округ жергілікті мемлекеттік органдарына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс жасау;
  • әділет басқармасын мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік ету;
  • заңды тұлғаларды тіркеу туралы күәліктерге қол қою;
  • жергілікті  мемлекеттік органдарында  тексерістерді ұйымдастыру;
  • орындалатын тапсырмалар мен еңбек тәртәбінің мерзімдерінің және сапасының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • басқада  жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес атқарады.

 Азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр айдын сейсенбі күні сағат 09.00-13.00 дейін.


Көкпекті ауданы өрт сөндіру бөлімінің бастығы


Тұрсұнбек Қазбекұлы Оқасов - 1963 жылы 05 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында туған. 1980 жылы ШҚО Самар ауданы Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1981 жылдың қазан айынан бастап Семей қаласындағы КСРО Қарулы күштерінде қызметін өтеген. Әскери қызметтен кейін Өскемен қаласындағы Қорғасын-мырыш комбинатында темір ұстасы ретінде жұмыс істеген. 1987 жылдың қаңтар айынан бастап 1987 жылдың қазан айына дейін Семей қаласының СВПЧ-77 өрт сөндіруші ретінде қызмет еткен. 1989 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт сөндіру – техникалық училищесін бітірген. Содан кейін Ақсуат және Зайсан аудандарында мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау инспекторы қызметінде жұмыс істеген. 1993 жылдан 2005 жылғы дейін Көкпекті ауданының Самар ауылындағы 35-өрт сөндіру бөлімінің бастығы, 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Көкпекті ауданы өрт сөндіру қызметі бөлімінің бастығы. 2001 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жергілікті және мемлекеттік басқару факультетін бітірген. 

 Адресі:
Көкпекті ауылы, Саяхимов көшесі №2
Телефон: 8 (72348) 2-14-81
Электрондық пошта адресі: ph35@gpsvko.kz


ӨҚҚБ бастығы өзiнiң қызметтiк әрекетiнде мiндеттi:

  1. Бөлiм жұмысына тiкелей басшылық жасап, шаруашылық ету объектiлерiнде Мемлекеттiк өртті қадағалау функцияларын жеке өзі жургізеді.
  2. ӨҚҚБ жұмысын жоспарлап, жоғары тұpғaн органдардың. бұйрықтары мен нұсқауларының, аудан әкiмiнiң, өрт кауiпсiздiгiн камтамасыз ету бойынша шешiмдерінің орындалуын және басқарма жұмысы бойынша анықтамалар, баяндамалар және есептердiң уақытында және сапалы ұсынылуын камтамасыз eтеді.
  3. ӨҚҚБ кызметкерлерiнiн, бекiтiлген ведомстволарда және меншiк тypiнe қарамастан шаруашылык объектiлерiнде мемлекеттiк өртті кадағалау функцияларын жузеге асыру жұмысын кадағалайды.
  4. Өрттер және ерт кауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылықтар туралы iстep бойынша аныктау жургiзуге бақылауды жузеге асырады.
  5. Қызмет көрсететін аумақтағы өрттердi және олардьң зардаптарын есепке алуды, өрттің шығу жағдайы мен себебiне талдау жургiзудi ұйымдастырады.
  6. Құқық корғау    және     кадағалау    органдарымен    өзара әрекеттесiп, ерт кауiпсiздiгi бойынша бiрлескен тексерулер, текcepicтep мен баск.а да шаралар еткiзудi ұйымдастырады.
  7. Аудан әкімі мен ведомстволарға салалар мен шаруашылык. ету объектiлерiнiң өртке қарсы жағдайы туралы материалдарын ұсынaды, объектiлердiң ерт қауiпсiздiгiн жақсарту, өртке қарсы сумен жабдықтау, журу жолдарымен, байланыс құралдары мен өpтті анықтау және cөндіpyдің автоматты қондырғыларымен қамтамасыз ету туралы ұсыныстар енгiзедi Және оның қарастырылып осы бойынша тиiстi шешiмдердiң қабылдануына қол жеткiзедi.
  8. ӨҚҚБ-нi мемлекеттiк және басқа органдарда мүддecін қорғайды.
  9. Өрт кауiпсiздiгi мәселелерi бойынша өтініштер мен шағымдарды карастырып және ол бойынша шешiмдер қабылдайды.
  10. Объектiлердi жобалау және салу кезiнде жобалау және құрылыс ұйымдарының өртке қарсы нормалар мен ережелердi сақтауын бакылайды, құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк қабылдау және жұмыс комиссиясыньң жұмысына қатысады.
  11. Кала құрылыс салуға арналған алаңдарды (трассалар) талдау бойынша комиссияньң жұмысына қатысады, осыған байланысты құрылыс салуға арналған жер учаскесiн талдау құжаттамасын карастырып, сол бойынша қорытынды бередi.
  12. Қызмет көpceтетін аумақта өрт сөндiру автоматикасын пайдалануга кабылдау  комиссиясыньщ жұмысына қатысады.
  13. Қарастырылган жобаларды есепке ала отырып, жаңадан салынған кұрылыстарға өрт-техникалык.   тeкcepіcтep жургiзуге бақылау жасайды.
  14. Авария және табиғи зiлзала орындарындағы өрттерге барады, өртке қарсы қызмет Жарғысының талаптарына сәйкес қалыптасқан жағдайларға байланысты өрттердi сөндiруге немесе ауданның ӨС және АҚЖ бөлiмшелерiнiң авариялар мен табиғи зiлзала зардаптарын жою женiндегi жұмыстарына басшылық жасайды.

ӨҚҚБ бастыгы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы және өзiне жүктелген мiндеттердiң, орындалуы үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте жауаптылықта болады.


Көкпекті аудандық статистика бөлімі

Бөлім бастығы Гульгана Кужатқызы Беспаева

2006 жылғы наурыз айынан бастап бөлім бастығының қызметінде. Екі жоғарғы білімі бар. 1982 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген, 2003 жылы экономист мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.  

Көкпекті ауданының статистика бөлімі «ШҚО бойынша статистика Департаменті» ММ құрылымдық бөлімшесі болып келеді, оның штатына 1 бас маман, 13 жетекші маман, бағаны тіркеуші және «ШҚО статистика бойынша еептеу орталығы» маманы.

Негізгі міндеттері:

  1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу
  2. Бөлімнің құзыреті шегінде статистикалық ақпараттың толықтығын, нақтылығын және жеткіліктігін қамтамасыз ету
  3. Статистикалық жиынтық ақпараттың жариялылығын қамтамасыз ету

Көкпекті ауданының статистика бөлімі 233 кәсіпорын және ұйымның (заңды тұлғалардың), 769 шаруа қожалықтарының статистикалық ақпаратын қабылдауды және реттеуді, көрсетілген қызметтің көлемі туралы жеке кәсіпкерлерді сауалнамалық тексеру жүргізеді.

Бөлімнің жұмысы келесідей бағыттарда жүзеге асырылады:

  • Қаржы және шағын кәсіпкерлік статистикасы
  • Ауыл шаруашылық статистикасы
  • өндірістік статистикасы
  • құрылыс және инвестиция статистикасы
  • қызмет, көлік және байланыс статистикасы
  • сауда-саттық статистикасы
  • баға статистикасы
  • еңбек және жұмысытылық статистикасы
  • әлеуметтік статистика
  • демографилық статистика
  • тіркеулерді жүргізудің статистикасы


«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Жалпы ережелер

Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы өз құзіреті шегінде ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы арнайы атқару мен бақылау-қадағалау функцияларын, мал шаруашылығында, тұқым шаруашылығында жаңа селекциялық жетістіктердің пайдаланылуын, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптық сынағын, астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын және сандық сапалық жай-күйін, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды, техникалық инспекция саласындағы бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ ауыл шаруашылығының салааралық жұмысын үйлестіретін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органы болып табылады.
Инспекцияның құрылымын және штатының шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Комитеттің аумақтық органдары штат саны лимитінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен келісу бойынша Шығыс Қазастан облыстық аумақтық инспекциясы бекітеді.

Мекен-жайы: 071000,  Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қабанбай көшесі, үй 81.
Тел: 8 (72348) 2-18-08, 2-21-70

Инспекция бастығы – Мұқашев Сләмбек Насырбайұлы

1950 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы бойынша ветеринариялық дәрігер, 1973 жылы Семей зооветеринаяриялық институтын бітірді. Үйленген, үш баласы бар.
Институт бітіргеннен кейін мамандағы бойынша комсомолдық және партиялық мекемелерде, халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бастық болып қызмет етті.
1996 жылғы қарашандан бастап осы уақытқа дейін ҚР РАШ АӨК МИК Көкпекті аудандық аумақдық инспекциясында жұмыс істейды.
Азаматтарды жеке сауалдармен қабылдау уақыты: сағат 14.30-дан 18-ге дейін. 

Инспекцияның негізгі міндеттері

  1. реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауда және басқаруды жүзеге асыру;
  2. заңнамаға қайшы келмейтін, оған Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
  3. жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру;

Инспекция өзіне жүктеген міндеттерге сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыратын мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. мемлекеттік аграрлық және өңірлік саясатын, реттелтін саладағы стартегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады;
  2. карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
  3. сеніп тапсырылған аумақта өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болдырмау мақсатында фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
  4. белгіленген үлгі бойынша фитосанитариялық есеп пен есептілікті ұйымдастырып жүргізеді және оларды заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады;
  5. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден карантин объектілерінің жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
  6. Мал өнімдері мен өсімдік тектес өнімдерге ілеспе құжаттар (фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар, ветеринариялық құжаттар) береді;
  7. Аса қауіпті аурылармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  8. өндіру, дайындау (сою) бойынша мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
  9. ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді:
  10. бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алужы жүргізеді.

Инспекция өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады:

  1. аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды үйымдастырады және жүзеге асырады;
  2. астық қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
  3. астық қабылдау кәсіпорындарының мынадай ережелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу;
  4. тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады;
  5. асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы Қазақстан республикасының заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  6. мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
  7. реттелетін салада Қазастан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына көзделген жағдайларда әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттамалар жасайды және нұсқамалар береді;
  8. өсімдіктер карантині саласындағы заңнама мен белгіленген ережелердің сақталуына және Қазақстан республикасы аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізеді;
  9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заң нормаларының орындалуын және өсімдіктер карантині жөніндегі ережелердің сақталуын тексеру мақматымен барлық меншік нысанындағы ұйымдарға кедергісіз бару және оларға тексеру жүргізу, өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу;
  10. Жеке және заңды тұлғаларға карантинді объектілер ошақтарында және көлікте қажет шаралар жүргізу туралы талаптар қою;
  11. Қазақстан Рсепубликасының өсімдіктерді қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектілерінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кедергісіз кіру;
  12. өсімдіктерді қорғау және карантин туралы заңдардың бұзылуына дол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту.

 

 
 
071000, Қазақстан, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Ш.Фахрутдинов көшесі, 44 «а»
Сайт әкімшісінің байланыс телефондары: 8 (72348) 2-13-80
8 (72348) 2-72-74