Туризм

Зоны отдыха

Көкпекті ауданы бойынша туризмді дамыту туралы ақпарат

2017 жылғы 12 айдың көрсеткіші  бойынша ауданда демалушыларды орналастырумен айналысатын 10 орналастыру орындары бар (5 сауықтыру орталығы, 1 пантоемханасы, 4 қонақ үй) .
1) 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қызмет көрсетілген демалушылардың саны11102 адам немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне (2016 - 4 044 адам) 251% -ды құрады, өсім 2,5 есеге өсті.
2) 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда ұсынылған төсек-орын саны 16556 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2016 - 10289) 160,9% -ға өсті.
3) 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда орналастыру қызметтерінің көлемі 47 959,6 мың теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2016 - -46150,0 мың теңге) 104,0% -ға өсті.
Ауданда туристік индустрияны дамыту және туристер ағынын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бұқтырма су қоймасының жағалауында 5 демалыс базасы бар.
«Рубин» демалыс базасында 4,6 және 8 жатын-орынды, инфрақұрылымы бар 20 үй, 4 жатын-орынға арналған заманауи киіз үй, шағын зообақ (тиіндер, жанат, тауас, қояндар, қытай тауықтары), жаңа волейбол мен балалар алаңы, ату алаңы, демалыс бөлмесі, асхана бар.Сапар кезеңі - 20 маусым мен  10 қыркүйек аралығын қамтиды. Үйдің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Демалушылар үшін атпен жүру, қайықтар мен катамарандарды жалға беру сияқты қосымша қызмет түрлері ұсынылады.
«Бұқтырма лилия»демалыс базасы - бұл ыңғайлы 2және 4 төсек-орындыверандамен жабдықталған9 тұрғын үй.Қонақтарғаүстел теннисі, ойын алаңдары, шомылуға арналған ашық су тоғаны, сондай-ақ қайық және катамарандарда жүзуге арналған жағдайлар бар.Сапар кезеңі - 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығын қамтиды. Үйдің құны 7 мыңнан 11 мың теңгеге дейін.Демалушылар үшін қайық және катамарандаржалдау сияқты қосымша қызмет түрлері ұсынылады.
«Черемушки» демалыс үйінде 4 және 5 төсек-орынды, жазғы верандамен жабдықталған 12 үй бар.Жаңа спорт алаңдары салынды, үстел теннисі, ойын алаңдары, демалушыларға арналған ашық су тоғаны бар.Сонымен қатар, қайық және катамарандарда жүзу, атпен жүру сияқты қосымша қызмет түрлері ұсынылады.Үйлерде қажетті ыдыс, төсек, жиһаз, газ плитасы, тоңазытқыш, спутникті теледидар, веранда, дәретхана, душ бар.Сапар кезеңі - 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығын қамтиды. Үйлерді жалға алу құныбір адамнан күніне 2,5 мың теңгені құрайды.
«Бұқтырма лилия-1» демалыс орталығы – 2және 4 төсек-орынды, теңізге қарайтын верандамен жабдықталған 9 үй.Үстел теннисі, ойын алаңдары, шомылуға арналған ашық су тоғаны,сондай-ақ қайық және катамарандарда жүзуге жағдай жасалған.Сапар кезеңі - 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығын қамтиды. Үйдің құны 7 мыңнан 11 мың теңгеге дейін. Демалушылар үшін қайық және катамарандарды жалдау сияқты қосымша қызмет түрлері ұсынылады.
2017 жылы Глезер Владислав Савельевич ЖК Бұқтырма су қоймасының жағасында, Новостройка ауылынан 5.3 км батысқа қарай, «Простоквашино» демалыс базасын ашты.Демалыс базасының белсенді қызмет ету кезеңі 15 маусымнан 30 қыркүйекке дейінгі аралықты қамтиды. Үйдің жалпы саны - 4, 6 және 8 төсек-орынды 16 үй. Сырты сайдингпен қапталған жаңа үйлер салынып, пластик терезелер, сондай-ақ кондиционер орнатылды.Үйде суық және ыстық су, кәріз, жылытқыш бар. 36 м2 алаңы бар 4-6 адамға арналған үйлерде асүй бөлмесі, жатын бөлме, жуынатын бөлме,  жабық веранда бар, бұл үйдің құны тәулігіне 12 мыңнан 16 мың теңгеге дейін құрайды. 54 м2 алаңы бар 6-8 адамға арналған үйлерде асүй бөлмесі, 2 жатын бөлме, жеке ванна бөлмесі, жабық верандабар, бұл үйлердің құны тәулігіне 17 мыңнан 22 мыңға дейін құрайды.  Әр үйдің маңында орындық  пен кәуапқа арналған меншікті мангал бар. Жаңа ойын алаңдары, волейбол алаңы, шезлонгымен жабдықталған жағажай бар.
2017 жылы Бұқтырма су қоймасының жағалауында Б.М. Байзаков ЖК-ң демалыс базасының құрылысы басталды, қазіргі уақытта 4 үй салынып, тағы 6 үй салынуда. Іске қосу 2018 жылдың 20 шілдесіне жоспарланған.
«Мараленок» пантоемханасы панто шикізатын (марал мүйізі) және марал өсірудің басқа өнімдерін қолдануға негізделген пантотерапия болып табылады,адам ағзасындағы психикалық және физикалық шаршаудың алдын алуға көмектеседі. Пантоемхананы 16 ғимарат құрайды.
Емдеу курсына мыналар кіреді:

  1. Пантолық ванналар күніне 2 рет;
  2. Фитобөшкелер  күніне 2 рет;
  3. Қыздырукүніне 1 рет;
  4. Пантогематоген күніне 2 рет.

Саяхаттың құнына тұру, ем қабылдау, тамақтану кіреді.Саяхаттың құны - 16000-25000 мың теңге.
Көкпекті ауданында ішкі туризмді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлім  басшысының м.а.  Б.Абылғазыұлы

Пантолечебница «Мараленок» 

  «Маралёнок» пантоемханасының қызметтері
  «Маралёнок» - табиғи денсаулық
  «Маралёнок» ЖШС базасына баратын жолының тізбесі
  Кіру кестесі
  Фотолар көрмесі
  Пантоемхана туралы бейне

 

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы *.doc 274 KB
Парақтар өзгертілді: 17-07-2018