Социальная защита

Жұмыссыздық және жұмысқа орналастыру

2018 жылдың 1 желтоқсан айына жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 желтоқсан айына 2205 адам, 2017 жылы 1342 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 164,3 пайызға артық орындалды.
2018 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 207 адам, 2017 жылы 195 адам қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 106,1 пайызға артық жіберілді. Тіркелген жұмыссыздар саны - 126 адамды құрайды, 2017 жылы 171 жұмыссыз тіркелді, яғни өткен жылмен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздар саны 73,7 пайызға азайып отыр. 2018 жылы 1868 адам, 2017 жылы 860 адам жұмысқа орналастырылды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 217,2 пайызға артық орындалды . Сондай-ақ 595 жұмыс орындары ашылды.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 90 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 28 адам, «Жастар іс тәжірибесіне» 27 адам жіберілді. Бағдарлама арқылы 41 адамға 114,6 млн. теңгенің несиесі берілді, сондай-ақ «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 216 адам оқытылып, сертификаттарын алды. 2018 жылы ауданымызға 2 оралман отбасы, қоныс аударушылар 12 отбасы, барлығы 14 отбасы 58 адам көшіп келді.
2018 жылы жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек 393 отбасына, соның ішінде 1692 алушыға 70,0млн. теңге тағайындалды. 2018 жылы 76 отбасына 1789,6 мың теңге, 2017 жылы 133 отбасына 2930,0 теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды, яғни өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 57 отбасына азайды. Жергілікті бюджет қаржысынан жылдың басынан бері туберкулезбен ауыратын аз қамтылған 12 адамға ай сайын 14430 теңгеден барлығы 1948,1 мың теңге, аз қамтылған 34 отбасына 1652,5 мың теңге материалдық көмек жасалды. Сондай-ақ ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы 1828 адамға отын сатып алу үшін барлығы 21,9 млн. теңге біржолғы материалдық көмек тағайындалды.
2018 жылы мүмкіндігі шектеулі 28 адам мүгедектік арбамен, 45 адам тифло-сурдотехникалық, 23 адам протездік- ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. 48 адамға 6,9 млн. теңгенің тазалық құралдары берілді. 10 мүгедек «Бурабай», «Мойылды»- шипажайларында, 14 мүгедек «Грехово» оңалту орталығында, 80 зейнеткер «Уба» - «Усть-Таловка» шипажайларында емделіп келді. Үйде оқытылып тәрбиеленетін 20 балаға 9076 теңгеден 1791,0 мың теңге төленді. Еңбекке қабілетті 38 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның ішінде ақылы қоғамдық 12 жұмыстарға жіберілді, 26 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты. Аудан бойынша барлығы 98 объекті паспорттаудан өткізіліп, интерактивті деректер картасына енгізілді. 2018 жылы 15 мекеме жартылай бейімдеуден өткізілді.
Аудан бойынша барлығы 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 33, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 13 адам. Мерекелік іс-шараларға байланысты Ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысушыларға 32,5 мыңнан барлығы 1,5 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді. 8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай «Алтын-алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар барлық 980 аналарға облыстық бюджеттен 10,0 мың теңгеден барлығы 9,8 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне облыстық бюджет қаржысынан 440,0 мыңнан, аудандық бюджеттен 84,0 мыңнан, «ҰОС жылдардағы ерен еңбегі үшін» медалі бар 33 тыл еңбеккерлеріне 12,0 мыңнан барлығы 3,5 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
Жалғызбасты 9 адамның құжаттары ресімделіп, Самардағы қарттар үйіне орналастырылды.
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» 221 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 145 жалғызбасты қарттарға, мүмкіншілігі шектеулі 60 балаға, сондай-ақ 16 мүгедек балаға жартылай күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетіледі.
2018 жылдың 1 желтоқсан айына барлығы 29 мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша 5610 қызмет, 2017 жылы 5359 мемлекеттік қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда 104,6 пайызға артық.
2019 жылға айына жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша міндеттер:
1. Жұмыссыздық деңгейін азайту;
2. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту;
3. Аумақтық даму бағдарламасының көрсеткіштерін орындау;
4. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетуді жалғастыру;
5. Еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету;
6. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
7. Кешенді жоспардың орындалуын қамтамасыз ету;
8. «Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы берілген несиелердің берешектерін өтеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

ЖҚӘБжАХАТ бөлімі басшысының м.а. К.Мукушев

 

Мұрағат

  2017 ж.
  2016 ж.
  2015 ж.
  2014 ж.
  2013 ж.
2012 ж.
  2011 ж.

Парақтар өзгертілді: 29-12-2018