Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі

Бес  институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңына Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойылды.  
Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған.
АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек
құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда беріледі.
 Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз (МӘМС) — бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
МӘМС жүйесіне қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ұсыну қамтамасыз етіледі.
Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақстандықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Ал, қорда сақталған қаржы науқастанған жандардың емделуі үшін емханаларға беріліп отырады. Жаңа қабылданған құжаттың ережесіне сай, қазақстандықтарға медициналық көмектің екі пакеті ұсынылады. Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірілген көлемін ұсынатын базалық пакет, мемлекет есебінен медициналық көмек алу, мұнда жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік ауруларға, сонымен қатар төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері енеді. Бұл қызмет барлық азаматтар үшін қолжетімді. Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Яғни, бұл пакетке енетін қызмет түрлері азаматтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асады. Екінші қызмет түрлерін амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационарлық алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік-шаралары, медициналық реабелитация, паллиативтік көмек және жоғары технологиялық көмек кіреді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылатын азаматтар бар. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай азаматтардың 15 санатын белгілеп отыр. Олардың қатарына:
1) балалар;
2) көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, І, ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
3) ҰОС қатысушылары және мүгедектері;
4) мүгедектер,
5) жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар,
6) интернатта тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;
7) бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;
8) күндізгі оқу нысандарында білім алып жатқан адамдар;
9) жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;
10) зейнеткерлер;
11) әскери қызметкерлер;
12) арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;
13) құқық қорғау органдарының жұмыскерлері;
14) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
15) уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторындағы азаматтар.

  • Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі
  • Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі
  • Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі
  • Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі

Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша, аудан әкімінің сайтына ақпарат

Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі бойынша өткен 2017   жылдың 3 тоқсаны бойынша   бірқатар  жұмыстар  атқарылды.   
2017    жылдың   1 қазанына  ауылдарды  көріктендіру, көгалдандыру мақсатында  ақылы қоғамдық жұмыстарға 154  адам   қатысты,  тіркелген жұмыссыздар саны -  213   адам, яғни   жұмыссыздар деңгейі  1,6  пайызды құрады. Сондай-ақ  623  адам жұмысқа орналасты.  Әлеуметтік жұмыс орындарына  28 адам,  «Жастар  іс тәжірибесі»  арқылы  21 адам  жіберілді.

Ауданда табысы аз отбасыларына қосымша әлеуметтік  қолдау шаралары көрсетілуде. 2017  жылдың   1 қазанына  18 жасқа дейінгі балалары бар  292   отбасына, соның ішінде  812  балаға  13,4  млн.  теңге  балалар жәрдемақысы,   134  отбасына, соның ішінде 478 алушыға  13,6   млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек,  56  отбасына 1,4  млн. теңге  тұрғын үй көмегі  тағайындалды.
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 80 отбасына, соның ішінде 342 адамға   барлығы  16252,0  мың. теңге шартты ақшалай көмек  тағайындалды.  
2017  жылы  мүмкіндігі  шектеулі 9 адам мүгедектік арбамен, 66 зейнеткер «Уба»-«Усть-таловка», 26 зейнеткер «Грехово оңалту орталығында» емделіп келді. Үйде оқытылатын   18 мүгедек балаға ай сайын  9076  теңгеден барлығы  290,0  мың. теңге  жәрдемақы төленді.

Ауданда  «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы іске асырылуда. 
Еңбекке қабілетті   6 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы бойынша  1 мүгедек «Жастар  іс тәжірибесіне» жолданды.
Аудан бойынша барлығы 7 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 35, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 13 адам.
8 наурыз мерекесіне орай 960  «Алтын-алқа», «Күміс алқа»  иегерлеріне, 10,0 мың  теңгеден барлығы 9,6  млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі бойынша 29 мемлекеттік  қызмет түрлері  көрсетіледі,  барлығы 3026 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және АХАТ бөлімінің  2017  жылға   қойылған  кезекті міндеттері:
1. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін, аз қамтылған отбасылар санын азайту;
2. Жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру; 
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсету;
4.  Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз  ету;
5. «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру.

Жұмыссыздық және жұмысқа орналастыру.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі бойынша өткен 2017  жылдың 9 ай қорытындысы бойынша  бірқатар  жұмыстар  атқарылды.
2017  жылдың  1 қазанына  ауылдарды; көріктендіру, көгалдандыру мақсатында  ақылы қоғамдық жұмыстарға  154 адам  қатысты, тіркелген жұмыссыздар саны -213  адам, яғни  жұмыссыздар деңгейі  1,6  пайызды құрады. Сондай-ақ  623  адам жұмысқа орналасты.  Әлеуметтік жұмыс орындарына  28 адам,  «Жастар; іс тәжірибесі»  арқылы  21 адам, даярлау және қайта даярлау курстары бойынша оқытуға  223 адам  жіберілді.

Ауданда табысы аз отбасыларына қосымша әлеуметтік  қолдау шаралары көрсетілуде. 2017  жылдың  1 қазанына  18 жасқа дейінгі балалары бар  292 отбасына, соның ішінде  812  балаға  13,4  млн. теңге  балалар жәрдемақысы,  134  отбасына, соның ішінде  478  алушыға  13,6  млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 56  отбасына 1,4  млн. теңге тұрғын үй көмегі  тағайындалды.
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 80 отбасына, соның ішінде 342 адамға  барлығы  16252,0  мың. теңге шартты ақшалай көмек  тағайындалды.
2017  жылы  мүмкіндігі  шектеулі 9 адам мүгедектік арбамен, 66 зейнеткер «Уба»-«Усть-таловка», 26 зейнеткерлер мен мүгедектер «Грехово оңалту орталығында» емделіп келді. Үйде оқытылатын  18 мүгедек балаға ай сайын  9076  теңгеден барлығы  290,0  мың. теңге  жәрдемақы төленді. Сурдо- тифло құралдармен  9 мүгедек қамтылды. 1 мүгедек «Мойылды», 1 мүгедек «Самал», 3 мүгедек «Берек-Бурабай» шипажайарына  жіберілді.  

Ауданда  «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Еңбекке қабілетті  6 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы бойынша  1 мүгедек «Жастар  іс тәжірибесіне» жолданды. 4 мүгедек кәсіпкерлікті дамыту курстары бойынша оқытылды.
Аудан бойынша барлығы 7 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 35, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 13 адам.
8 наурыз мерекесіне орай 950; «Алтын-алқа», «Күміс алқа»; иегерлеріне, 10,0 мың; теңгеден барлығы 9,6  млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу; бөлімі бойынша 29 мемлекеттік қызмет түрлері  көрсетіледі,  барлығы 3026 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар ;және АХАТ бөлімінің  2017  жылға  қойылған  кезекті міндеттері:
1. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін, аз қамтылған отбасылар санын азайту;
2. Жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсету;
4. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету;
5. «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру;
6. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша түсіндіру жұмыстарын жан- жақты жүргізу.

 

2017 жылдың 1 сәуіріне

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі бойынша өткен 2017   жылдың 1 тоқсаны бойынша   бірқатар  жұмыстар  атқарылды.   
2017    жылдың   1 сәуіріне  ауылдарды  көріктендіру, көгалдандыру мақсатында  ақылы қоғамдық жұмыстарға 45  адам   қатысты,  тіркелген жұмыссыздар саны -  162   адам, яғни   жұмыссыздар деңгейі  1,0  пайызды құрады. Сондай-ақ  23  адам жұмысқа орналасты.  Әлеуметтік жұмыс орындарына  10 адам,  «Жастар  іс тәжірибесі»  арқылы  1 адам  жіберілді.

Ауданда табысы аз отбасыларына қосымша әлеуметтік  қолдау шаралары көрсетілуде. 2017  жылдың   1 сәуіріне  18 жасқа дейінгі балалары бар  254   отбасына, соның ішінде  705  балаға  4,9  млн.  теңге  балалар жәрдемақысы,   111  отбасына, соның ішінде  393  алушыға  5,0   млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек,  42  отбасына 1,0  млн. теңге  тұрғын үй көмегі  тағайындалды.
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 13 отбасына, соның ішінде 56 адамға   барлығы  1068,0  мың. теңге шартты ақшалай көмек  тағайындалды.  
2017  жылы  мүмкіндігі  шектеулі 1 адам мүгедектік арбамен, 20 зейнеткер «Уба»-«Усть-таловка», 10 зейнеткер «Грехово оңалту орталығында» емделіп келді. Үйде оқытылатын   17 мүгедек балаға ай сайын  9076  теңгеден барлығы  290,0  мың. теңге  жәрдемақы төленді.

Ауданда  «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы іске асырылуда. 
Еңбекке қабілетті   2 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, «2017-2021 жылдарына арналған жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті нәтижелі дамыту» бағдарламасы бойынша  1 мүгедек «Жастар  іс тәжірибесіне» жолданды.
Аудан бойынша барлығы 9 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 35, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 13 адам.
8 наурыз мерекесіне орай 960  «Алтын-алқа», «Күміс алқа»  иегерлеріне, 10,0 мың  теңгеден барлығы 9,6  млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі бойынша 29 мемлекеттік  қызмет түрлері  көрсетіледі,  барлығы 1067 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және АХАТ бөлімінің  2017  жылға   қойылған  кезекті міндеттері:

1. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін, аз қамтылған отбасылар санын азайту
2. Жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру 
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсету
4.  Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз  ету
5. «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру

ЖҚӘБжАХАТ бөлімінің басшысы  Б.Оразғалиева

Мұрағат

Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 2016 ж.  

Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 2015 ж. *.zip, 38 Mb

Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 2014 ж. *.doc, 2.3 Mb
Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 2013 ж.

Парақтар өзгертілді: 06-10-2017