Мемлекеттік қызметтер

Электрондық сандық қолтаңба – Сіздің болашаққа деген кілтіңіз!

ЭСҚ деген не?

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енуде. Е-үкімет саласында басты терминнің бірі - электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) термині болды. Оның құжаттардың заңдық маңыздылығын бірдейлестіруі мен растау құралы ретінде қолдану  біздің өмірімізде стандарт болуда.
Электрондық сандық қолтаңба-электрондық құжаттың оны қолдан жасаудан сақтайтын деректеме. ЭСҚ иеленушінің қолтаңбасын бірдейлестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпараттың бұрмалануын болмауын тауып көрсетуге мүмкіндік береді.
Электрондық сандық қолтаңба-бұл маңызды құжаттаманы алмастыру үшін барынша ыңғайлы заманауи құрал, электрондық қолтаңба механизмін енгізудің арқасында Қазақстан аймақтарының шекаралары экономикалық қызмет үшін шектеу болып табылмайды. 

ЭСҚ қалай пайдалануға болады?

Қолтаңбаны пайдалану өте оңай. Бұл үшін ешқандай арнайы білім, дағды мен икемділіктің қажеті жоқ. Әрбір электрондық құжат айналымына қатысатын ЭСҚ пайдаланушыға бірегей ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер өңделеді. 
Басты элемент болып құпия (жабық) кілт табылады, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлау жүргізіледі, және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ, құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны желінің басқа пайдаланушыларынан құпия сақтау керек. 
ЭСҚ тұпнұсқалығын тексеру үшін ашық кілт пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Куәландыру Орталығында ашық кілттің көшірмесі болады, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы жасалған. Куәландыру орталығы бұрмалану енгізу және қолдан жасауды болдырмау үшін ашық кілттердің тіркелуін және сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.  
Ашық кілт жабық кілтпен жұпта ғана жұмыс істейді.

Электрондық сандық қолтаңбаның артықшылығы неде?

Сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сіз:
* облыстың ғана емес республиканың да мемлекеттік органдарының виртуалды қабылдауына (бұл сервис Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің өтініштерін мемлекеттік органдарға жіберуге мүмкіндік туғызады және мемлекеттік орган тарапынан жауапты редакцияға кепілдік береді, өтініш статусын қадағалау мүмкіндігін ұсыну: мемлекеттік органға жеткізілді, орындауға берілді және орындалды тағы басқа) өтініштер жүзеге асыруға;
* үйден шықпай-ақ тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді алуға,
* электрондық саудаларда, аукциондарда және тендерлерде тауарлар мен қызметтерді ұсыну және ең тиімді бағалық ұсыныстарды таңдауға;
* Интернет арқылы заманауи негізде аса тиімді, барынша аз шығынды түрде ұйымдармен және билікті құрылымдармен өзара қарым-қатынас орнатуға; 
* Қазақстанның кез келген қалаларындағы, облыстарындағы серіктестермен алшақталған режимде экономикалық операциялар жасау арқылы, өз бизнесінің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік аласыз.

Қалай ЭСҚ кілтінің иеленушісі болуға болады?

2008 жылдың 20 қыркүйегінен бастап ҰКО ұсынылатын электрондық сандық қолтаңбаның кілттері мен сертификаттарын Семей қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының жанында орналасқан Ұлттық Куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарынан немесе www.pki.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайтында on-line өтінім рәсімдеу арқылы алуға болады. 
Электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен мiндеттерi "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңымен реттеледі.

 

Парақтар өзгертілді: 19-01-2016