Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету  сұрақтары бойынша қызметтері  туралы есебі

Көкпекті ауданы бойынша 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

2015 жылы Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 71 түрлері көрсетілді:

  • Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 20;
  • Жер қатынастары бөлімі - 5;
  • Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі - 6;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 28;
  • Ветеринария бөлімі - 3;
  • Экономика және қаржы бөлімі - 1;
  • Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі– 6;
  • 17 селолық округ әкімдерінің аппараттары - 2.

                                            
2015 жылдың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 48 787 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:

  • Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 1320.
  • Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан көрсетуге болатын мемлекеттік қызмет саны – 41 350.
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 5905.
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 212 қызмет.

2015 жыл мерзімі ішінде белгіленген мерзімді кешіктіріп көрсетілген мемлекеттік қызметтер, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым түсіру, жеке және заңды тұлғалардан түскен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына арыздарды қарастыру мерзімдерін кешіктіру фактілері болған жоқ.

Әрбір дербес бөлімде және селолық округ әкімдерінің аппараттарында сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар орнатылған, шақыру қоңыраулары бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімімен баннерлар, ақпараттық стендтар орнатылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан бекітілген жауапты тұлғалардың аты – жөндері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен консультациялар беру бойынша қабылдау бөлімдері мен «Call-орталықтарының» байланыс телефондары), күту орындары, құжаттарды толтыру үшін столдар, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініштер үлгілері, кеңсе заттары.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету үшін әр дербес бөлім мен селолық округ әкімдерінің аппараттарында бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен жауапты мемлекеттік қызметкерлер бекітілген. Негізгі қызметкердің жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, денсаулығын түзеті парағы бойынша, қызметтік іссапар) уақтылы, әрі сапалы мемлекеттік қызметті көрсету оны алмастыратын тұлғаға жүктелген, ол бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен белгіленген.

Жауапты тұлғалар қажетті қазіргі заманға сай техникамен жабдықталған. Жыл басынан ай сайын семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

2015 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар құзыретіне Азаматтардың хал – ахуал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметінің 9 мемлекеттік қызметтері берілген.
Бүгінгі күнге АХАТ қызметі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде орналасқан, жергілікті торап жүргізілген, ЭҚАБЖ АЖ, Мемлекеттік органдардың интранет порталы (МОИП) жұмыс істейді, 2 бірлік мемлекеттік қызметшілер, 1 бірлік инспектор бар, қажетті компьютерлік техникамен, жеке қалааралық телефон байланысымен, кеңзе заттармен қамтамасыз етілген.

Көкпекті ауданы әкімінің ресми интернет – порталында АХАТ қызметінің мемлекеттік қызметтерінің стандарттары, төлқұжаттары мен бизнес – процесстері мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.
Көкпекті ауданы әкімі аппаратымен үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық қамтамасыз етіледі, ай сайынғы мониторинг және күн сайынғы бақылау жүргізіледі, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша әрекеттесу жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуіне бағытталған тиісті шаралар, оның ішінде ұйымдастыру шаралары қолданып жатыр.

2016 жылы электрондық қызметтерді көпшілікке таратуды арттыру үшін халықты ақпараттандыру және «электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін көбейту бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін ұлғайту жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.

Аудан әкімі
аппаратының басшысы Р. Кемербаева

 

Парақтар өзгертілді: 06-04-2016
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 5+15=