Ішкі саясат

Қоғамдық келісім орталығы

Көкпекті аудандық қоғамдық келісім орталығы туралы Ақпарат

2014 жылғы 17 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Президентінің № 837 РММ «Қоғамдық келісім» құру туралы Жарлығына сәйкес 2015 жылдың 30 тамызында Көкпекті ауданының Самар ауылында Көкпекті аудандық қоғамдық келісім орталығы кұрылды.
Нормативтық құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  •  «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң;
  • «ҚХА Ережеге туралы» ҚР Президентінің Жарлығы;
  • Қазақстанның ел бірлігі доктринасы;
  • ҚХА дамыту тұжырымдамасы (2020 ж);
  • Даму стратегиясы «Қазақстан - 2050» ;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауы;
  • Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

Қоғамдық келісім орталығының қызметі Қазақстандық бірегейлікті және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.  Қазақстандық этникалық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін сақтау, әлеуметтік консенсус пен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру және Ассамблеяның мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени бірлестіктерінің күш-жігерін біріктіру  қоғамдық келісім орталығының негізгі мақсаты болып табылады.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау мақсатында Қоғамдық келісім орталығында медиация кабинеті құрылды. Оның құрамына 4 ресми (кәсіби) және 8 қоғамдық медиаторлар енгізілді. Қоғамдық келісім орталығының 1-ші қабатында орналасқан  тіл үйрету орталығында, 4 мұғалім жұмыс істейді. Кабинеттер барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Интерақтивті тақтасы бар лингофонды кабинет бар, интернетпен жабдықталған 7 компьютер бар,  онлайн сабақтар өткізіледі. Сабақтар аптасына 2 рет 2 сағаттан өткізіледі.
Қоғамдық келісім орталығында 1 аудандық және 17 ауылдық  қоғамдық келісім кеңесі бар. Сонымен қатар, барлық 17 ауылдық округтерінде құрылған жастар клубтары және аналар кеңестері жұмыстар атқарып жатыр. Сондай-ақ, онда 4 этномәдени бірлестіктері бар. Олар, «Хофнунг» - немістер, «Туған як моннары» - татарлар, «Вера» - орыстар, «Асыл Мұра» - қазақтар  этномәдени бірлестіктері.
Қоғамдық келісім орталығының төрайымы – Сихварт Елена Павловна.

Мұрағат

  2015 год
  2014 год
  2013 год
  2012 год
Парақтар өзгертілді: 09-08-2017