Ішкі саясат

Көкпекті ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы ақпарат

Көкпекті ауданында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» және «Іскер әйелдер клубы» жұмыс атқарады. Аудандық әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамына 9 адам енгізілді. Көкпекті ауданының 17 селолық округтерінде әйелдер кеңесі жұмыс жасайды, құрамында 89 адам бар. Оның ішінде сала бойынша 21- білім, 15- денсаулық, әлеуметттік жұмысшылар -8, кәсіпкерлер -11, құқық қорғау органдары- 17 және мемлекеттік қызметте 17. Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасында әйелдер саны 14535, аудан тұрғындарының 50% құрайды. Жыл бойында 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалдамалы жұмысшылар үлесі шамамен 52% құрайды. Бұл ретте экономикалық қызмет түрлері бойынша әйелдер үлесі басым. Сонымен денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердегі әйелдердің 85,59%  құрайды, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан  қонақ үй бизнесінде, кәсіпорындарында қоғамдық тамақтану-76,0%, білім саласындағы -73,7%, қаржылық қызмет -70%, өзге де коммуналдық,  әлеуметтік қызметтер -52%,  үй шаруашылығы және сауда қызметтері бойынша -54%.Ауданда 868 ауылшаруашылық құрылымдарында 700 астам әйелдер қызмет етуде, сонын ішінде 2-ұсақ шаруқожалық басшысы, 1- өндірістік кооператив басшысы. Әйелдер санатының құрамы: аудандық маслихат депутаты-4,  аудан әкімінің орынбасары -4, аудан әкімінің аппарат басшысы -1, селолық округ әкімдері-2, селолық округ әкімдерінің орынбасары-2, жергілікті атқарушы орган басшылары -6, жергілікті атқарушы орган басшыларының  орынбасарлары -5, саяси партия басшысы-1, сот билігі -11, құқық қорғау органдары -7.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хаттамасын орындау барысында және жүйелі жұмыс жүзеге асыру үшін 2017 жылға арналған жылдық жоспар құрылып, бекітілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша  4 комиссия отырысы өткізіліп, 10 сұрақ қаралды.
Жыл бойы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия белгілі бір жұмысты орындады.
Жыл басынан әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссияның бастамасымен «Жастар орталығы»КММ және, орталық мешітпен бірлесіп «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.1 наурыз Алғыс айту күні бойынша жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді, мүмкіндігі шектеулі 10 балаға әлеуметтік пакет берілді, 15 жалғыз басты зейнеткерлерге қар тазалау бойынша көмек көрсетілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне күніне орай аудан әкімінің әйелдер қауымдастығының өкілдерімен дәстүрлі кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді. Соғыс, еңбек, тыл ардагерлерімен және көп балалы аналармен кездесу өтті.  Наурыз мейрамы қарсанында Бастаушы ауылында «Асыл мұра» әжелер клубының 30 жылдығына арналған облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Сәуір айында аудандық «Мерейлі отбасы» сайысы өткізіп, 5 отбасы қатысты. Сайыста жеңіске жеткен Көкжыра ауылының тұрғыны Жанабаевтар отбасы облыстық сайысқа қатысты. Мамыр айында «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің аясында «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» әйелдер форумы өтті. Шілде және қыркүйек айлары аралығында әйелдер кеңестерінің төрайымдары 19 қолайсыз отбасын аралады.   «Мектепке жол» акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға 350 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қыркүйек айында «Азық-түлік сапасын жақсарту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру: проблемалар мен перспективалар» атты аудандық конференция өткізілді. Қазан айында II Республикалық әкелер форумы аясында іскер әйелдер клубының мүшелеріне және ауылдық әйелдер кеңесі төрағалары үшін зорлық-зомбылыққа ұшыраған және діни экстремистердің ықпалына ұшыраған әйелдермен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді. 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жыл бойы әйелдер істері бойынша комиссияның бастамасымен 276 іс-шара өткізіліп 12590 адам қамтылды, сонын ішінде 25 мәдени, 10 спорттық, 224 қайырымдылық іс-шаралары жалпы 11,4 млн соммасына ұйымдастырылып, 17 іс-шара отбасындағы әкенің рөліне бағытталған. Кәсіпкер әйелдерді қолдау аясында «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ   жалпы сомасы 13 млн. теңге  көлемінде 2 әйелдерге несие берілді.  Мүмкіндігі шектеулі жас кәсіпкер Жанна Жабекова 3 млн.теңге грант  ұтып алып, ШҚО ұлттық палатаның және аудандық іскер әйелдер клубының мүшелерінің қолдауымен бизнеске қажетті құрал  жабдықтар алып жұмсақ ойыншықтар тігу цехін ашты.  Жыл көлемінде әр тоқсан сайын білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ауылдық округтік комиссия хатшылары үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Жыл бойы барлық сыныптарда оқушылар арасында отбасылық және гендерлік саясат тақырыбы бойынша сабақ өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылды. 2017 қорытындысы бойынша аудандық газетінде отбасылық және гендерлік саясат саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 25 мақала жарияланды.

Мұрағат

  2017 жыл
  2016 жыл
  2015 жыл
  2014 жыл
  2013 жыл
  2012 жыл

 

Парақтар өзгертілді: 26-02-2018