Ішкі саясат

Дін

Көкпекті ауданында дін саласындағы саясат саласында 2015 жылғы атқарылған жұмыстар туралы Ақпарат

Көкпекті ауданында «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес» және «Терроризмге қарсы комиссия» жұмыс атқарады. Жылдық жоспары жасалынып, соған сәйкес идеологиялық жұмыстар атқарылды. 2015 жылы Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда 12 мәселе қаралды. Комиссияның 3 отырысы өткізіліп, 6 сұрақ қаралды.

Аудан аумағында тіркеліп қызмет атқаратын 11 мұсылмандық және 1 православиелік-христиандық діни бірлестіктер бар. Бүгінгі күні барлық діни бірлестіктер арнайы білімі бар діни қызметкерлермен қамтамасыз етілген.
Аудан тұрғындары үшін дін мәселесі бойынша облыстық сенім телефонымен қатар, аудандық сенім телефоны жұмыс істейді.
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу, теріс діни бағыттағы секталар жайында халықтың білімін кеңейту, тұрғындарды толғандырған діни мәселелерді анықтауда «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес» мүшелерінің елді мекендерге шығуы Кеңес жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Аудан тұрғындарының діни сауаттылық деңгейін арттыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитеттерін қалыптастыру, аталған салада ақпараттандырылу деңгейін одан әрі дамыту мақсатында Дін саласы бойынша Көкпекті аудандық ақпараттық-насихаттық топ (АНТ) жұмыс істейді.

2015 жылы діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған 148 идеологиялық жұмыстар жүргізіліп, барлығы 9864 адам қамтылды. Оның ішінде:

  • 2 семинар;
  • 7 лекция;
  • 6 «Сақ бол, жас түлек» акциясы;
  • 2 дөңгелек үстел;
  • 3 конференция;
  • 128 кездесулер және аудандық ақпараттық-насихаттау тобының түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдіктерінің жанынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, құрамына жергілікті имамдар, учаскелік полиция қызметкерлері, тарих және дінтану пәндерінің мұғалімдері, ауыл тұрғындары арасында беделді тұлғалар енгізілді. Олар жергілікті жерлерде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр, бүгінгі күнге 1465 адам қамтылған 62 кездесу өткізді.
2015 жылғы мамыр айында облыстық ақпараттық-насихаттау тобы Көкпекті ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Олар бірнеше селолық округтердегі елді-мекендерде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті және ақпараттық таратпа материалдар ұсынды. Облыстық АНТ мүшелері төмендегі ауылдыр тұрғындарын қамтыды:

  • Көкпекті;
  • Шәріптоғай;
  • Биғаш;
  • Егінбұлақ;
  • Тассай,
  • Бастаушы;
  • Көкжота;
  • Самар;
  • Миролюбовка;
  • Раздольное;
  • Палатцы;
  • Сарыбел

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы ұсынған  бейне-роликтер көбейтіліп,  діни әдебиеттер мен таратпа материалдар барлық кітапханаларға, аудандық және ауылдық АНТ мүшелеріне, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес мүшелеріне таратылып жұмыста қолданылуда.

Ағымдағы жылғы қазан айында республикалық ақпараттық-насихаттау тобының белді мүшесі, Алматы қаласының «Бәйкен ата» мешітінің наиб имамы Қ.Жұмабековтың қатысуымен бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Көкпекті, Тассай ауылының тұрғындарымен кездесулер, аудандағы мұсылмандық діни бірлестік қызметкерлеріне арналған семинар және түрлі деңгейдегі әңгімелесулер жүргізілді.

Аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газеттерінде дін мәселесі, және деструктивтік діни ағымдардың алдын алу тақырыбында «Имандылық» және «Религия»айдарлары ашылып, 2015 жылы барлығы 54  мақала жарық көрді.
Көкпекті ауданындағы кітапханаларда, кітап сататын дүкендерде және басқа да орындарда теріс ағымдарды насихаттайтын діни әдебиеттер сатылмайды. Мешіттерде Қазақстан Республикасы Дін істері бойынша Агенттігінің дінтану сараптамасының рұқсаты берілген әдебиеттер таратылады. Аудан аумағындағы барлық кітапханалар мен дүкендерде алдын алу-тексеру жұмысы үнемі жүргізіледі. Бүгінгі күнге талаптарға сай келмейтін әдебиеттер анықталған жоқ.
Конфессияаралық, ұлтаралық, діни тұрақтылықты, бейбітшілікті насихаттауға бағытталған 11 сыртқы көрнекі-үгіт материалдары орналастырылды.

Көкпекті ауданы бойынша дін саласында 2016 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Қоғамдағы тұрақтылықты және конфессияаралық үйлесімді сақтау мақсатында Көкпекті ауданында  «Көкпекті ауданының Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесі» жұмыс атқарады. Жылдың басында дін істер жөніндегі өңірлік ақпараттық-насихаттау тобының (АНТ) құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. АНТ құрамына ауданы әкімінің орынбасары, ішкі саясат басқармасының, құқық қорғау органдарының, қоғамдық кеңестін, қоғамдық пікір көшбасшылары және діни бірлестіктер өкілдері  кіреді. Кеңестің мақсаты, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және діни қызмет азаматтардың құқықтары саласындағы қоғам мен конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру рухани келісімді нығайту мемлекеттік саясат бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. АНТ топ мүшелері бірінші жартыжылдығында  34 кездесу өткізіп, 2378 адамды қамтыған.
Көкпекті ауданының аумағында 11 мұсылман және 1 христианды-православтық діни бірлестігі орналасқан. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бекітілген жоспарға сәйкес 2 Кеңес отырысы өткізіліп, 6 сұрақ қаралды. Сонымен қатар, 57 «кең форматы» іс-шаралар өткізілді, жалпы халықтың 3586-сының қамтылуымен, оның ішінде діни экстремизм,терроризм және деструктивтік ағымдар мәселелерін талқылау дөнгелек үстелдері, семинарлар, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің бірлескен кеңестері, діни мерекелер( Ораз айт , Құрбан айт ,Пасха , Рождество , және т.б.). Ұйымдастырылған іс-шараларға ұйымдар мен мекемелер, діни ұйымдар мен аудан халқы белсенді түрде қатысады. Семинарлар мен дөңгелек үстелдер барысында қатысушыларға ШҚО дін басқармасы ұсынған бейнероликтер көрсетіліп, баспа материалдар(брошюралар, үнпарақтар, кітаптар) таратылды. Жергілікті « Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің арнайы «Руханиат» атты айдарында  жыл басынан бері 12 мақала жарық көрді. Ауданда діни саласы бойынша басылым шығаралмайды. Бірақ ауылдық мешіттерде «Ислам нұры» және «Ислам және өркениет» газеттері таратылады.
Аудан мектептерінде 9 - сынып оқушыларына аптасына 1 сағат «Дінтану негіздері» сабағы оқытылады. «Дінтану негіздері» сабағын 32 мектепте 9 сыныптың 385 оқушылары оқиды. Оқушылар 100 пайызда кітаптармен қамтамасыз етілген. Сабақты 34 оқытушы  «Тарих» және « Мемлекет және құқық» пәні мұғалімдері оқытады. Оның ішінде 30-ы арнайы оқу курстарынан өтсе, 4-і жұмыстан шығып кеткен мұғалімдерді алмастыру үшін келген мұғалімдер. «Дінтану негіздері» сабағы 2016 жылдың соңына дейін, кесте бойынша өткізіледі. «Дінтану негіздері» сабағы мини-конференция, пікір-талас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау түрінде ұйымдастырылады. Деструктивті ағымдардың алдын алу ретінде оқу жылы ішінде «Сақ бол, жас түлек» атты акциясы өтті. «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің»  құқық қорғау органдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастары жоғары деңгейде және бірлесіп бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жергілікті «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде деструктивті діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсететін  «114 жедел желісі» туралы ақпаратты жарияланған. Дін саласындағы үйлестіру функциялары мен түсіндіру жұмыстары «Instagramm», «Вконтакте» және « Facebook » әлеуметтік желілері арқылы жүргізіледі. «Facebook» әлеуметтік желісінде «Дін және қоғам» және «Религиоведы Казахстана» деген топтар бар. Сондай-ақ, ауданда сенім телефоны мен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс орталығының электронды поштасының мекен-жайы көрсетiлуімен 3 көрнекті үгіт құралдары орнатылған. Кеңестің бастамасы және атқарушы органдардың қолдауымен ауылдық округтер мен ауыл имамдары әкімдерімен бірлескен кездесулер өткізілді.Осы жылдың бірінші тоқсанында Көкжайық, Бастаушы және Самар ауылдарында, ал екінші тоқсанында  Көкпекті аудандық орталығында отырыстар өтті. Мұндай іс-шаралар барысында аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетуге қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ауыл имамдарының атқарылған жұмыстары туралы есепті ақпараттары қарастырылады. Ауданда республикалық қайырымдылық «Қоржын» акция бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.
13-14 шілде аралығында Көкпекті ауданы бойынша «Дін мен дәстүр – ұлт болашағының кепілі» атты облыстық «Рухани керуен» акция өткізілді. Акция барысында облыстық АНТ және Дін істер өкілдерінің мүшелері Көкпекті және Тассай ауылдарында мерекелік концерт өткізді. Сонымен бірге, облыстық АНТ мүшесі Көкпекті, Ұзынбұлақ және Самар ауылдарында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жұмыстар  жалғасуда.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нугыбаев

2017 жылдың І жартыжылдығында Көкпекті ауданында дін саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ақпарат

Көкпекті ауданы бойынша діни ахуал тұрақты.  Көкпекті ауданы аумағында 11 мұсылман және 1 христианды-православтық діни бірлестігі орналасқан. Бүгінгі күні аталған діни бірлестіктерде 11 имам және 1 настоятель жұмыс істеуде. Барлық имамдар арнайы оқыту курстарынан  өтіп, біліктіліктерін арттырған.
Ауданда кофессияаралық тұрақтылықты сақтау, нығайту, дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясының алдын-алу, діни бірлестіктермен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №98  қаулысымен «Көкпекті аудандық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес» құрылған, Кеңес мүшелерінің құрамы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21желтоқсандағы  №10-4/4 (10) шешімімен бекітілді. Жыл басында Көкпекті аудандық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің  жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес  2 Кеңес отырысы өткізіліп, 4 сұрақ қарастырылды.  
Сонымен бірге қоғамдағы тұрақтылықты және конфессияаралық үйлесімді сақтау, аудан тұрғындары арасында дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоғары дәрежеде өткізу мақсатында Көкпекті ауданында  Көкпекті ауданының  дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Жыл басында дін мәселелері бойынша  аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) құрамы мен жұмыс жоспары бекітіліп, ағымдағы жылдың  бірінші тоқсанында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобымен  9 кездесу өткізіп, 700 жуық адамды қамтылды. АТТ құрамына ауданы әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық кеңестің, қоғамдық пікір көшбасшылары және діни бірлестіктер өкілдері  кіреді. Сонымен қатар, 2017 жылдың 12-14 маусым күндері дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы аудан көлемінде аудан тұрғындарымен  20 кездесу өткізіліп, 800 жуық адам қамтылды. 
Жергілікті «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде «Имандылық» атты айдары ашылып, биылғы жылы аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде 7 мақала жарияланды. Оның ішінде 5 мақала мемлекеттік тілде және 2 мақала орыс тілінде жарияланды.
Сонымен қатар, аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде  деструктивті діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсететін  «114 жедел желісі» туралы ақпараты жарияланған. Дін саласындағы үйлестіру функциялары мен түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында  «Instagramm», «ВКонтакте» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. «Facebook» әлеуметтік желісінде «Молодежь против экстремизма и терроризма» және «ИРГ Кокпекты» деген топтар құрылып,  аудио-видеороликтер және теологтар мен имамдардың пікірлері жариялануда. Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде 98 мақала және интернет сайттарда 6 мақала жарияланды. 
Аудан мектептерінде 9 - сынып оқушыларына аптасына 1 сағат «Дінтану негіздері» сабағы оқытылады. «Дінтану негіздері» сабағын 32 мектепте 9 сыныптың 385 оқушылары оқиды. Оқушылар 100 пайызда кітаптармен қамтамасыз етілген. Сабақты 34 оқытушы  «Тарих» және «Мемлекет және құқық» пәні мұғалімдері оқытады. Оның ішінде 30-ы арнайы оқу курстарынан өтсе, 4-і жұмыстан шығып кеткен мұғалімдерді алмастыру үшін келген мұғалімдер.
Ағымдағы жылы  аудан көлемінде діни бірлестіктермен бірлесе отырып 16 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: спорттық шаралар -9, қайырымдылық шаралар – 5, танымдық шаралар -2. Жыл басынан бастап аудандық Жастар орталығы  аудандық орталық мешітімен бірлесе отырып, «Жақсылықта  жарысайық» атты қайырымдылық акциясы бастау алып, жыл соңына дейін жалғаспақ.  Акцияның мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Аталмыш акция аясында бүгінгі күні 112 адамға көмек көрсетілді.

  Терроризм актінің қауіпі туынадаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынама (*.ppt 9 MB)

Статьи:

  Деструктивті діни ағымдардың белгілері *. doc 36 KB
  Қазақстан Республикасы Дін Істері Және Азаматтық Қоғам Министрлігінің Салафизм Діни Ағымына Қатысты Ұстанымы *. doc 37 KB
  Арман Қуанышбаев: Салафизмнің ақпарат көздерін бітеп тастау қажет *. doc 62 KB
  «Тәуелсіз Қазақстан – толеранттылық пен бірлік үшін!» облыстық бейнероликтер конкурсына қатысу тапсырысы *. doc 35 KB
  Страшная сказка ИГИЛ *.pdf 37 MB
  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы *. doc 189 KB

Бейнеролик:

  Ел бірлігін нығайтуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған облыстық бейнероликтер конкурсының ережесі *. doc 32 KB

Бейнеролик:

Иман киіммен өлшенбейді - https://www.youtube.com/watch?v=v63IgTF-Fsg
Заңды неке - https://www.youtube.com/watch?v=cYgkYhib4Eo
Горячая линия - https://www.youtube.com/watch?v=JNwZiW5EOUg

https://cloud.mail.ru/public/KYa4/194f4u4gJ
https://cloud.mail.ru/public/yjzA/mobmbKarz
https://cloud.mail.ru/public/HCL8/6RPbR9haR
https://cloud.mail.ru/public/5goV/8A5fQdKTo
https://cloud.mail.ru/public/MbKC/y4scQ8Nvj

https://youtu.be/31LVPZJmSYo
https://youtu.be/5le5ayJAQGc
https://youtu.be/R3LOAO_fDW4

https://yadi.sk/i/DxiApKsxeJskW
https://yadi.sk/i/HxPZhfDfeJsLk
https://yad.sk/i/dojBoATleJsNY

2014 ж.:

  1. https://cloud.mail.ru/public/Dp32/YvrD3djGm
  2. https://cloud.mail.ru/public/7yCK/qqqR3qrE2
  3. https://cloud.mail.ru/public/7ygr/2fbvLa4zY
  4. https://cloud.mail.ru/public/H2ij/nCnLLEJw1
  5. https://cloud.mail.ru/public/FFhi/zL5dTJ4mN
  6. https://cloud.mail.ru/public/3K1o/7twBJivGf
  7. https://cloud.mail.ru/public/5xZA/TEqfMxse1
  8. https://cloud.mail.ru/public/6aMM/XunT8sUo7

2015 ж.:

  1. https://cloud.mail.ru/public/5Byv/V5DwABXjA
  2. https://cloud.mail.ru/public/9akW/ZJ7uNX587
  3. https://cloud.mail.ru/public/Fq8V/dVTF53D2v
  4. https://cloud.mail.ru/public/G5Eo/BjSfWc15f
  5. https://cloud.mail.ru/public/9Heu/UjBovAXZW
  6. https://cloud.mail.ru/public/bmT4/odKksg5tZ
  7. https://cloud.mail.ru/public/3Kf5/YipR216zQ
  8. https://cloud.mail.ru/public/5hHP/Knku2ZQDZ
  9. https://cloud.mail.ru/public/Cfge/x9aswJXv8
  10. https://cloud.mail.ru/public/8MYi/oYERG3w9z

Ролики Комитета по делам религий МКС РК

  1. https://www.youtube.com/watch?v=CxUr_uVhxQw 
  2. https://www.youtube.com/watch?v=A3BEpNTMa7g 
  3. https://cloud.mail.ru/public/Dib1/9MWR6TuPH
  4. https://cloud.mail.ru/public/ErA2/1gN1gh2b7
  5. https://cloud.mail.ru/public/A8z5/8ro7TXm7M

Ролик из областной прокуратуры

  1. https://cloud.mail.ru/public/9Ai2/65YgfQVDt
Парақтар өзгертілді: 21-02-2019