Ішкі саясат

БАҚ

Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті ЖШС

Бүгінгі күні «Жұлдыз» және «Новая жизнь» атауларымен жарық көретін Көкпекті аудандық газетінің тарихы өте бай. ХХ ғасырдың 30 жылдары ол Самар, Жарма, Ақсуат және Көкпекті аудандарында құрылған «Гигант» совхозының органы болды. Ол уақытта газет «Красный скотовод» - «Үлгілімалшы» атауымен шыға бастады. Газетті Тұрлыхан Хасенов басқарды.

Әлемдегі және елдегі өзгерістерге байланысты газет өзгерді. Қазір газет аптасына 2 рет, түрлі-түсті баспада А3 форматында 16 бетте шығады. Газет қазақ тілінде «Жұлдыз», орыс тілінде «Новая жизнь» атауымен жарық көруде. Жазылушылар саны 5000 адамнан асады.

Мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу үшін редакция мен жалпы медиа жоспар жасалынады. 

Ақпараттық тәртіп бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы, елдің, облыстың, ауданның әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы туралы мақалалар жарияланады.

2013 жылы «Жұлдыз»- «Новая жизнь» газетінің ұжымы облыс әкімінің жүлдесіне арналған конкурсқа қатысып, «Тіректі ауыл - мемлекет тірегі» номинациясын жеңіп алды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап аудандық газеттің сайты ашылды. Ол қызықты ақпаратты дер кезінде алуға көмектеседі және күнделікті жаңарып отырады. 2014 жылы аудандық газеттің сайты республика бойынша аудандық БАҚ арасында үздік интернет-ресурс болып танылды.
Мемлекеттік тапсырыс: 2014 - 12 млн. 200 т. 2015 - 13 миллион тенге. 2016 жылы – 15 миллион 500 мың теңге.

Директор – редактор: Дюсембаев Дархан Бердібекұлы
Мекен-жайы: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 69, 2-қабат.
Телефондары: Көкпекті 2-19-16, 2-21-18. Самар 5-21- 368.
e-mail: 2-19-16@mail.ru, сайт: novaiya – zhizn.kz

Парақтар өзгертілді: 03-11-2016