Жаналықтар

ҚР ҚК, ҚПК және ӘҚБтК-ге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланды

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының судьясы А.М.Амреева Көкпекті ауданының прокуратурасының прокуроры К.Чукуевтың, адвокат Т.Ш.Бозакановтың және сот  қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР ҚК, ҚПК және ӘҚБтК-ге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья А.Амреева өз баяндамасында заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап өтіп, соның ішінде көлікті мас күйінде жүргізу, әйелдерге және балаларға зорлық-зомбылық көрсету, адам саудасы, есірткі жарнамасы, мал ұрлығы, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның күшейтілгендігін, сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату, қылмыстық процеске қатысушылар мен сотталғандардың құқықтарын күшейту және тағы басқа. Заңнамаларға еңгізілген өзгертулер мен толықтырулар заңды күшіне 2020 жылдың 11 қаңтар, 16 қаңтарында енгенін айтып, сотқа аталған аталған мерзімге дейін жасалған әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер түсіп жатқанын, осы орайда Қылмыстық кодекстің 6-бабы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бабы талаптарын сақтау қажеттіліне назар аударды. Қазіргі қоғамда кеңінен белең алған мал ұрлығы  үшін Қылмыстық кодекске арнайы бап енгізіліп, белгіленетін жаза түрінің қатаңдатылғанын атап өтті.

Іс-шара қатысушылары өзара пікір алмасты. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. 

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі