Жаналықтар

Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындысы

Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп 2019 жылы мемлекеттік қызметшілердін қызметтік әдеп нормаларын сақтау  және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» іс-шаралар жоспары бойынша 2 семинар-кеңес өткізіліп, хаттамалары жасалды.

2019 жылы аса қауіпті зиянкестерді анықтау мақсатында, Көкпекті  ауданы бойынша «РФД және БӘО» РММ мамандары 389,06 мың гектар жерге тексеру жұмыстарын жүргізді. 2019 жылы аса қауіпті зиянкес итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 9200 гектарға жоспарланған. Көктемгі уақытта ауа-райының салқын болуынан болжамнан аз мөлшерде шығып 70 пайызды құрап 6400 гектар жерлерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді Оның ішінде; 2400 гектарға жер үсті бүріккіштер әдісімен Тассай ауылдық округінде ЖК «Аккөзов Бауыржан Жамалұлы» химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізсе, 4000 гектарға «Ақ сұңқар» әуе компаниясы акционерлік қоғамы әуе әдісімен химиялық өңдеу жұмыстарын Тассай а/о 3200 гектарға, Үлгілімалшы а/о 800 гектарға жүргізді.

Қолданылған препараттар: Даклоприд 20%, в.к., циракс, 25% к.э, Комбат 550,э.к., Имидор 20% с.к. биологиялық тиімділігі 93% құрады. Барлық жұмсалған препараттар 677 л құрады. АКТ-лері толтырылды. Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізер алдында  ауылдық округ әкімшіліктеріне,  ауылшаруашылығы құрылымдарына ескерту хабарламалар жіберілді.

Аудан бойынша 2019 жылдың екінші жартыжылдығына фитосанитарлық есептілікке ішінара тексеріс жасап, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің пестицидтердің, биопрепараттардың және энтомофактардың қозғалысы туралы есебі; пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофактарды сақтау туралы есебі; қоймалық үй жағдайлардың бар-жоғы туралы есебі және химиялық өңдеулер жүргізу туралы айлық есебін тапсырмағандар  анықталып, тізімі жасалды.  Тексеру нәтижесінде фитосанитарлық есепті тапсырмаған ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің 12-не  ұсыным рәсімделіп жіберіліп, барлығы ұсынымда белгіленген мерзімде фитосанитарлық есептерін тапсырды.

Химиялық өңдеу жұмыстарын өткізу, химиялық өңдеу жұмыстарына қызмет көрсету, фитосанитарлық жылдық қорытынды есептер облыстық инспекцияға уақытында тапсырылды.

Химиялық өңдеу жұмыстарында қолданылған пестицидтердің  бос ыдыстарына  түгендеу жұмыстары жүргізіліп аудандық ауылшаруашылығы бөліміне актіленіп өткізілді.

Аудандық  «Жұлдыз» газетіне 3 мақала жарияланды. 5 жеке тұлға жеке қабылданды. Көкпекті ауданы шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларымен бірлесіп мал басын асылдандыру, басқа жақтан акелінген асыл тұқымды малдардың есебін алу, тіркеу жұмыстары атқарылды.

2019  жылы  карантиндік нысандарға жататын арамшөптермен зиянкестерге  мониторингтік  бақылау жұмыстары 17800 гектар жерге жүргізілді. Оның ішінде:   у кекіренің ошақтарың анықтау мақсатында 16000 гектар,  Арамсояуға 1800 гектар зерттелді.  Жаңа ошақтар тіркелген жоқ. Капр қоңызына 1,0 гектар,  Жүгері қоңызына 50,0 гектар, азиялық сүген -50 гектар, жұпсыз жібек  көбелегіне -800 гектар зертеліп зиянкестердің қоныстануы тіркелген жоқ.

2019 жылы у кекіреге қарсы өңдеу жұмыстары 300 гектарға, арамсояуға қарсы 1 гектарға мемлекеттік жер қорларында жүргізілді.

Ауданнан тыс жерге шыққан және  әкелінген  карантинге жатқызылған өнiмдерге  54 карантиндiк тексеру жүргүзіліп сертификаттар берілді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы  2 профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп, нұсқамалар берілді.

Жеке және заңды тұлғаларға  карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі түсіндіру жөнінде жыл көлемінде 2 жиналыс өткізілді. 

2020 жылға «РДФ және БӘО» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, аса қауіпті зиянкес организмдердің таралуына бақылау және 1500 гектар жерге аса қауіпті зиянкес (итальяндық прусқа) қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2020 жылы карантиндік арамшөп у кекіреге  қарсы өндеу жұмыстары мемлекеттік жер қорынан 150 гектарға, шаруа қожалықтары 3547 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Арамсояудың ошақтары анықталмады.

Көкпекті ауданы бойынша фитосанитарлық жағдай тұрақты.

Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының  басшысы
М.К. Айтжанов