Жаналықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Сот приставы Р.Суйеукенов өз баяндамасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, жемқорлыққа қарсы тұру және оған деген төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ, процессуалдық емес қатынастарға бармау, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау мәселелері жайлы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті екенін, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретінін, сондықтан, сыбайлас жемқорлықты болдырмасы үшін және қоғамның сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзімсіздігін қалыптастыру үшін жүйелі шаралар жүргізу керектігін түсіндірді.

Бұдан соң шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Шараны қорытындылай келе, семинар барысында айтылған талаптарды назарға алу қажеттігін атап өтті.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі