Жаналықтар

Хабарлама

Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тұлғалар назарына ұсынады, Мемлекеттік қызметтегі немесе жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған, шартты түрде мерзімінен босатылған азаматтар (жұбайлары) ҚР Салық кодексінің 363, 364  бабы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы және  ҚР Қылмыстық атқару Кодексі негізінде 2019 жылғы  салық салу обьектісі болып табылатын мүліктер мен табысы туралы мәліметін, яғни декларациясын тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мемлекеттік  Кірістер басқармасына ағымдағы жылдың 31 наурыз  күнінен кешіктірмей тапсырылуы тиіс екенін хабарлайды.

Салық салу обьектісі болып табылатын мүліктер мен табысы туралы мәліметін, декларациясын әдейі немесе толық мәліметтермен тапсырылмауы, мемлекеттік қызметтегі  және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған тұлғалар (жұбайлары)  ҚР Заңнамасында көрсетілген тәртіппен ҚР ӘҚБ кодексінің 274 бабының 1 тармағы бойынша 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылады. (2019 ж АЕК - 132550тенге )

Сонымен қатар жарамдылық мерзімі аяқталған немесе жоғалған, және де қолдануға келмейтін жағдайда, электронды цифрлі қол қою кілтің ауыстыру қажеттігін ескертеміз. 

Көкпекті ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы