Жаналықтар

Egov mobile-дан жылжымайтын мүліктің жоқ және бар екендігі туралы анықтама

Жаңа тұрғынүй сатып алу жоспарыңызда бар ма? Мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырғыңыз келе ме? Құжат жинау қажеттігі белгілі, осы орайда сізге eGov mobile көмекке келері сөзсіз.

Дәл қазір әрі App store/Play market-тен тегін жүктей алатын мобильдік қосымша жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы қосқанда, 26 қажетті құжатты ұсынады.
Ол үшін сізге:
•Телефоныңызға App store/play market қосымшасын жүктеу;
•Бір рет авторластыру (сіздің мобильдік нөміріңіз алдын ала eGov порталының жеке кабинетінде авторластырылуы керек екендігін естен шығармаңыз);
•Face ID немесе Touch ID кіру жүйесін пайдалану (сіздің саусақ іздеріңізбен қол қою) (оны қалай теңшеу керектігін қосымшадағы белсенді stories-тен қарай аласыз);
•Қызметті таңдау және оған онлайн тапсырыс беру қажет.
Игілігіңізге қолданыңыз!