Жаналықтар

 Салықтан босату

2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы салық режимін қолданатын  микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылған, соның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер келесі салықтардан босатылады:

корпоративті (жеке) табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын салықтан басқа);
әлеуметтік салықтар;
бірыңғай жер салығы.
Бұл нормалар келесі қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды:

есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізу;
астық қабылдау орындарында астық сақтау жөніндегі қызмет;
лотореяларды өткізу;
ойын бизнесі саласындағы қызмет;
радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызмет;
банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
аудиторлық қызмет;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі;
кредиттік бюролар қызметі;
күзет қызметі;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет;
жер қойнауын пайдалану қызметі, соның ішінде алтын іздеушілер қызметі;
пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлер қызметі, көмір, мұнайды өткізу жөніндегі қызмет;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері бензин, дизель отыны мен мазутты бөлшек сауда арқылы өткізу;
сыртқы экономикалық қызмет.
Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

2020 жылы АЕК 2651 теңге.