Жаналықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-да Өскемен қ., К.Кайсенов көшесі, 121 үй «Нұр-Отан» партиясы филиалының  «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты тақырып – «Зейнетақыны жоспарлау». 

БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау, Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары, болашақта лайықты зейнетақы алу және оны зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу жолдары туралы әңгімелейді.

Сонымен қатар шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен «БЖЗҚ» АҚ қызметімен жете танысып, өздерін мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ала алады.  

Шара соңында барлық қатысушыларға  бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі.

Тағы да еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Өскемен қ., К.Кайсенов көшесі, 121 үй «Нұр-Отан» партиясы филиалының  мекенжайында өткізіледі.