Жаналықтар

Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары

Өскелең ұрпақ арасында патриотизмге тәрбиелеу, «құтқарушылар» сияқты абыройлы мамандықтарға сыйластықпен қарау мақсатында, Көкпекті ауданының ТЖБ-і мен №33 ӨСБ-і ауданның білім беру бөлімімен бірлесіп 2019 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша Көкпекті ауданының жалпы білім беретін мектептеріне үгіттеу жұмыстарын өткізді.
Үгіттеу-насихаттау іс-шараларын өткізу бойынша жоспары әзірленді, орта мектептерімен келісіліп 9-10 сынып оқушылары және сынып бітірушілерімен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ-на «Абыройлы түсу және оқыту» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді.
Егер, Көкшетау техникалық институтына түскіңіз келсе және болашақта кадрлы офицер болам десеңіз, онда сұрақтарыңыз бойынша Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізге болады.
Байланыс телефоны 2-14-05