Жаналықтар

Әдістемелік сабақ

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 Қаулысының 2 тармағының 9,11 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138- бабының 107- тармақшасын жеткізу мақсатында «Ұйымдардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы №602 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы №72 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығының 5 тармағы 69,70 бабы, Қазакстан Республикасының 2012 жылғы 16 қаңтарындағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 17 бабтарын жеткізу мақсатында 2019 жылдың 13 қарашасында Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде барлық мекеме, ұжым, ауылдық округтардағы әскери есепке жауапты тұлғалардың қатысуымен әдістемелік сабақ өткізілді.
Әдістемелік сабақтың мақсаты: барлық мекеме, ұжым, ауылдық округтегі әскери есепті жұргізуге жауапты мамандарға жоғарыда аталған Заңдарының талаптарына сәйкес орындаулары туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді және де осы талаптарды уақытылы орындамаған жағдайда 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушулық Кодексінің» баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді .
Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы майор М.Алтынбеков.