Жаналықтар

Сот қызметкерлерімен семинар

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында  сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтау, дыбыс-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында сот жұмысында жаңа технологияларды қолданудың артықшылықтары мен тиімділігіне  тоқталып,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамында: «Барлық сот процестері бейне және таспаға жазу арқылы жүргізуге және судьяның бейнежазбаны тоқтатуға, оны редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп нақты көрсетілген. Бұл міндет қазіргі таңда толықтай орындалды,  сотта сот залы толықтай дыбыс-бейнажазба құралдарымен жабдықталған, барлық сот процестері дыбыс-бейнежазбаға түсірілу арқылы жүргізіледі, оны тоқтатуға, редакциялауға судьяның мүмкіндігі жоқтығын. Бұл сот процестерін судьяның заң талаптарына сай жүргізуіне оң ықпал етеді және тараптарды да заң талаптарын қатаң сақтауға себепші екендігін айтып, сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтауына тоқталып, ол  тараптарды сот отырысына тиісті түрде шақырылуын қадағалауды ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылар айтылған мәселелердің орындалатындығын жеткізді.

 

Көкпекті ауданының   № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі