Жаналықтар

Көміртегі тотығы

Дала салқындаған сайын үй ішінде от жағу да басталады. Бірақ от науқаны басталғаннан кейін алаңдататын бір жайт бар. Дәл қазіргі мәселе өрт жайында емес, мәселе көрінбейтін,білінбейтін қауіпті улы газ туралы болмақ. Адам омірі үшін көміртегі тотығы өте улы газ болып табылады. Адамнын бойына сіңген соң канмен араласады да адам бойына қан жүгіруін тежейді. Қанның тежелуінен ең бірінші миға зақым келеді және басқа да адам мүшелеріне кері әсерін тигізеді.

Бұл улы газдан қорғану үшін ең алдымен пештің жай-күйін тексеру қажет. Қыс мезгіліне дейін пештің құдықтарын тазалап,жарылған жерлерін сылау керек. Осындай ұсақ-түйек жұмыстар адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.   Жоғарыда айтылғандай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, өзіңіздің және туған –туыстарыңыздың өмірін сақтаңыздар.

Көкпекті ауданы ТЖ бөлімі