Жаналықтар

Мейірім мен құрметке толы күн

Қарттар күні 1 қазанда аталып өтіледі. Бұл жай ғана ресми мереке емес, бұл өмірдің ерекше сәттері мен барлық ізгі сөздер мен ойларын үлкен өмір жолынан өткен адамдардың өмірін ұлықтайтын күн. Бұл мереке өскелең ұрпақтың мемлекетіміздің әл-ауқатын өз қолдарымен құрған ағаларға құрмет көрсетуге бағытталған.
Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты жиын 1 қазан күні Самар ауылындағы И.К.Федосов атындағы мәдениет үйінде өтті. Мерекелік іс-шараға еңбек ардагерлері, Көкпекті ауданының барлық округтерінен зейнеткерлер шақырылды.
Күзгі мерекенің шымылдығын «Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі Томан Рапила) ашты.
Одан кейін жиналған қауымға аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов құттықтау сөз сөйлеп, Қарттар күні – аға буын өкілдеріне, әріптестеріне, туған-туысқандары мен жақындарына олардың даналығы, шыдамдылығы мен тәжірибесі үшін құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша мереке екенін, оларға біздің ауданымыздың және бүкіл елдің дамуы үшін, дәстүрлі құндылықтарды сақтау үшін жасаған істерінің барлығы үшін алғыс айтатынын атап өтті.

- Құрметті біздің ардагерлеріміз! Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер моральдық құндылықтар мен дәстүрлердің сақтаушысы, балалар мен немерелерге тірек және сенімді көмекшілері болып табыласыздар. Сіздердің ауданның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысуларыңыз құрметке ие. Соғыс жылдарындағы қиындықтарға тап болған аға буын ардагерлерге алғысымыз шексіз. Біздің ауданда 4948 зейнеткер тұрады,оның ішінде 155 адам Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығында, 341 тыл еңбеккері, 4 Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сіздер әлі күнге дейін белсенді азаматтық ұстанымды сақтап, халық алдында абырой биігінде қалуды жалғастырасыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы.
Құттықтау сөздерге Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Баянды Кәкенұлы Қожамбетов қосылды. Баянды Кәкенұлы Самар ауылын абаттандыру ісінде, жақында салынған Ұлы Абайдың ескерткішіне қатысты, қазақ ағартушысы мен ақын есімі берілген ауыл тұрғындары үшін орталық демалыс және мәдениет алаңының құрылысына қатысты оң өзгерістерді, сонымен қатар, аудан орталығында «Толағай сұлтаны» атты халықаралық спорттық-мәдени іс-шара өткенін атап өтті.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге ұзақ өмір және бақыт тілеймін, - деді Баянды Кәкенұлы.
Одан әрі қарттарды Көкпекті ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, «Еңбек ардагері», «Ауыл еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Марапатталғандардың арасында құрметті ақсақалдар, асыл шопандар, мал өсірушілер, мал дәрігерлері, әжелер, көпбалалы аналар, балалар, жастар тәрбиесіне өздерінің лайықты үлестерін қосқан педагогтар Жалпыға Ортақ Еңбек сабақтастығының эстафетасын тапсырған жандар да болды.
Сахнаға егде жастағы адамдар ғана емес, аудан тарихындағы өзіндік орны бар, біздің қоғамымыздың негізгі қалаған жандар шықты.
Сахна төріне көтерілген Қадырбек Әкімұлы Жазнаев, Ардақ Омарова, Қарлығаш Увалиеву, Нұролла Нұқыбаев, Сағила Жұмағұлова, Алпысбек Кемербаева, Картай Құдайбергенов, Жақсылық Рахимбеков, Нұркызаин Сәтпаев, Валентина Старикова, Василий Гладышев, Серікқазы Дюсеневты көреремен қауым ыстық ықыласпен қарсы алды.
Көкпекті аудандық және Самар Мәдениет үйлерінің әртістері, Самар өнер мектебінің тәрбие-ленушілерінен құралған би топтары дайындаған мерекелік концерт өз мәресіне жетті.
"Інжу маржан" әжелер ансамблі, "Забава" және "Асыл қазына" фольклорлық ансамблінің әндері мерекелік іс-шараның сәнін келтірді.
Біздің өмірімізде ардагерлер маңызды рөл атқарады. Олар жинақталған тәжірибе мен білім беріп, өз отбасыларына көмектеседі. Олар - бұл қоғамды дамыту үшін жаңа күш болып табылады. Әр адамның өмірінде әже мен ата әрдайым бар, және олардың орны ерекше.
1 қазан Халықаралық қарттар күні біз өз күш-жігерімізді өз халқына арнаған, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен жастығын бергендерге құрмет көрсетеміз

Канат АПСАДЫКОВА