Жаналықтар

Мектептегі қауіпсіздік күні

2019 жылдың қазан айының 1 күні Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлері аудандағы бала саны жағынан үлкен мектептердің санатына жататын Шәйжүнісов атындағы мектепте болып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Бірінші кезекте әртүрлі сыныптардағы балалармен лекциялар жүргізіліп, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы түсіндірілді. Содан кейін Көкпекті ауылының №33 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері су жаңа Камаз шассиінде жасалған өрт сөндіру автокөлігімен мектеп ауласына кіріп, 9-11 сынып оқушыларына техникаларын мен жарақтарын көрсетті. Осы жерде бас маман Р.Т.Ахметзаки оларға Көкшетау техникалық институтына қабылдау тәртібі туралы айтып берді. Іс-шара соңында балалар өрт сөндірушілермен бірлескен фотосуретке түсті және балалар қызығушылықпен тарқасты.

Көкпекті ауданының ТЖБ