Жаналықтар

«Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 6 ақпандағы №561 «Әскери қызмет және  әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 13 ақпандағы №840Жарғысы және аудан әкімінің  2019 жылдың наурызындағы №43 Қаулысы  негізінде 2019 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 31 желтоқсан айына дейін 1992-2001 жылы туған азаматтарды күзгі мерзімді әскер қатарына шақыру жұмыстары басталды.

Мерзімді әскер қатарына ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе жылдың соңына толатын азаматтарда  шақырылады.Бірінші кезекте  әскер қатарына  жоғары немесе орта-арнайы оқу орындарын аяқтаған, яғни  әскерден  кейіне қалдыру уақытын  пайдаланған азаматтар шақырылады. Бұдан басқа, әр түрлі себептермен кейінге қалдыруларының уақыты аяқталған әскерге шақырушылар да әскер қатарына  шақырылуға  міндетті.

Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 6 ақпандағы №561 «Әскери қызмет және  әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35 бабына  сәйкес, әскер қатарына  шақырылудан келесі азаматтар босатылады:

1.     Отбасы жағдайлары бойынша;
2.      Оқуын жалғастыру бойынша;
3.     Денсаулық жағдайы бойынша;
4.     Басқа себептермен бойынша;

Барлық  кейінге  қалдырулар заң негіздеріне  сәйкес құжаттармен расталып, бекітілуі тиіс. Сондай-ақ, басқа елді мекендер мен қалаларға іс-сапармен, қызмет бабымен кетіп қалған азаматтар да өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті әскери басқару орындарына келіп, дәрігерлік комиссиядан  өтуге міндеттеледі. Үш айдан артық басқа  аудандарға  кетіп қалған азаматтар сол жердің аудандық  немесе қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге барып әскери есепке тіркелуге міндеттеледі.

Аталған заңның 17 бабына сәйкес, қалалық ауылдық округәкімдері мен мемлекеттік мекеме  басшылары азаматтарды шақыртуға, хабарлауға  және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларға дәрігерлік комиссиядан өткізу үшін келулерін қамтамассыз етуге міндетті.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің немесе ауылдық, қалалық әкімшілік қызметкерлерінің шақытуымен  белгісіз  себептермен  келмеген азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 647,648 баптарына  сәйкес әкімшілік жазалар тағайындалған. Ал, әскер  қатарына шақырылудан заңсыз негізде бас тартқан азаматтар қылмыстық құық бұзушылық кодексінің 387  бабының негізінде мың айлық есептік  көрсеткіш айыппұл  салу немесе бір жылға дейін бас бостандығына шектеу,сондай-ақ, жалған құжат жасау,жалған жолмен  сырқаттану, т.б. заңсыз жолдармен әрекет жасаған  азаматтарға қылмыстық жазалар қарастырылған.

Ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік және ұйым  басшыларының және әскери –есеп жұмыстарына жауапты мамандардың жергілікті әскери  басқару органдарының шақыртуымен азаматтарға хабарламаса және келулерін қамтамассыз етпеген жағдайда әкімшілік құық бұзушылық кодексінің644 бабына  сәйкес  он айлық есептік көрсеткіш айыппұл  салу қарастырылған.

Бұрын-соңды әр түрлі  себептермен әскери есепке тіркелмеген азаматтар да  тұрғылықты мекен-жайы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге келіп, әскери  есепке тіркеліп, әскери құжат алуға тиіс.

Әскер қатарына шақыру жұмыстары бойынша сұрақтар   болса келесі мекен-жайға  хабарласуға  болады;

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиева көшесі 42 үй.  Тел. 2-17-89, 50-330.

Д.Дужанов  Көкпекті ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының МУА