Жаналықтар

Қауіпсіз автокөлік

Ағымдағы жылдың басынан Көкпекті ауданының аумағында 6 автокөлік өрті орын алған. Мысалы 2019 жылдың 30 маусымында Көкпекті ауылының аулаларының ішінде тұрған Лада приора маркалы автокөлігі электр желілерінің ақаулығынан толығымен өртеніп кеткен. Өрттен келген шығын мөлшері бір миллион сегіз жүз мың теңгені  құрады.

Орын алған өрттердің бастыты себептері: 
- электр құрылғылары мен электор сымдарының қысқа тұйықталуы; 
- жанармай жүйесінің ақаулары;

- оттыжәнеқыздыруқұралдарынабайсызқолдану.

Ағымдағы жылдың 25 мен 26 тамыз аралығында Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлері Көкпекті ауданында «Қауіпсіз автокөлік»  тақырыбында акция жүргізілді. Бұл жүргізілген акция халықты барынша кеңінен қамту, автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жаднамалар дытаратуға арналған. Сондай-ақ жүргізушілерге өрт байқалған кезде қандай тәртіппен жұмыс жасау керек екені түсіндірілді. Акцияны жүргізу барысындағы іс-шаралармен 48 адам, 27автокөлік құралдары қамтылды.

Көкпекті ауданының ТЖБавтокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ақуалын жақсарту және өртті болдырмау мақсатында техникалық тексеріс байқылауын жүргізу барысында келесі сұрақтарға көңіл бөлулеріңізді сұрайды:

Тоқ көздерінің жалғау жүйесін сапалы жүргізу;

Электр сымдарының шынақ элементтеріне және аспаптық қалақаншаға сапалы бекітілуін қадағалау;

Қосалқы электр құралдарын, электрондық оталдыру блогын, тұманға қарсы жарықтандыру, қосымша белгі беру және басқа да құралдардың дұрыс орнатылуына;

Іске жарамды от сөндідіргіш құралымен жабдықтау;

Қосалқы электр құралдарын орнатқан жағдайда қажетті қималы жеке электр сымдарын қолданып, сақтандырғыштарды естен шығармау;

егер газ пайдаланылса, онда газ жабдығын үнемі тексеру қажет;

патрубклардың бүтіндігін, қақпақтың астында сұйықтықтың ақпағандығын уақытылы қадағалап тексеріп отыру және түнгіуақыттаавтокөліктерді тұрғын үйлердің жанына орналастырмау қажет.

Көкпекті ауданының ТЖБ