Жаналықтар

Өрттің алдын алайық

Ағымдағы жылда  Шығыс Қазақстан облысы  аумағында өрт қауіпті кезең өткен жылмен салыстырғанда бір ай  ерте басталды. Көктемгі кездегі қатты жауын-шашын және күннің ысуы осы көктемде елді мекендер мен орман дала алқаптарында жер бетінің өсімдік қалың қабатының ерте жануына әкеліп соқты.Сонымен қатар жаздың  басындағы мол жауын- шашын өсімдіктердің қалың болып өсуіне және күннің қатты ыстық болуы оның тез құрғақ шөпке айналуына әсер еткен.

Орман дала алқаптарының жануы мен өртенуінің негізгі себептернің бірі елді мекен тұрғындарының отпен абайсыз болында (қоқыстарды, сөндірілмеген темекі тұқылы, егістіктердегі шөптерді рұқсатсыз өртеу және автотракторлы техникадағы ұшқын өшіргіш техниканың ақаулығы)

Мысалы 2019 жылдың 6 тамызында Көкпекті ауылдық округінің аумағында осы округ тұрғындарының біріне тиеселі Т-40 маркалы трактордың ұшқын өшіргіш құрылғысының ақаусыздығынан шабындықта өрт шығып, оның кесірінен жиналған 80 тонна шөп жанып кеткен.Осыған байланысты кіналі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және өрттен келген шығынды өтейтін болды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2014 жылғы 09 қазандағы   № 1077   қаулысымен  бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарына сәйкес:

Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:                                   

1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;                                           

2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;                                                     

3) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын  орман иелеріне хабарланады;                 

4) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр                өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;    

5) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы    25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;           

6) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;                                   

7) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;                      

8) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан  басталады;    

9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін  мұқият тексеру, барлық бықсу орындары мен жану ошақтарын анықтау және жою, ықтимал қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң орындаған кезде және өртке қарсы қызмет органдарын хабарландырудан кейін сабан шөп қалдықтарын  жағуға жол беріледі.

Осымен бірге дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау тәртiбiн естеріңізге саламыз

Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiшпен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталады және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.

Масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiржолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.

Дәндi дақылдарды жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелердің арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жолының ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.

Уақытша қыр орындарын астық алқаптары мен қырманға кемінде 100 метр алшақ жерге орналастырылады. Қыр орындарының, астық қырмандары алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақ етіп жыртылады.

Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тікелей жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген аймақты жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын тұруы керек.

Астық қырмандарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемiнде 100 метр алшақ орналастыру керек.

Далалық жағдайларда сақтау және мұнай өнiмдерiн құю кеуiп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және енi кемінде 4 метр жолақ жыртылған немесе қырманнан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықта және құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлiнген аудандарда жүзеге асырылады.

Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:

      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;

      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;

      3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берiлмейдi.

Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердiң, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың бiлiктерi, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналарының бөлшектерi шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу үшін құрылыстар мен ғимараттарға 50 метр жақын аумақта қалдықтарды өртеуге, құрғақ және желді күндері қоқыстарды және от жағуға тыйым салынатынын ескертеміз. Осы өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 336 бабына сәйкес 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтары орын алғанда азаматтық қорғау органдарына Самар ауылында 33022 және Көкпекті ауылында 21405 немесе 101 телефонына хабарлау керек.

Көкпекті ауданының ТЖБ