Жаналықтар

Көшпелі отырыста кеңесті

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» лотының аясында Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің Көкпекті ауданындағы көшпелі отырысы аудандық ардагерлер үйінде өтті.

Келелі кеңеске Көкпекті ауданы мәслихатының хатшысы Талғат Сарманов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, ардагерлер мен ауданның белсенді қоғам мүшелері қатысты. Күн тәртібінде қаралған «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» туралы «ШҚО талдау және болжау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғамдық саяси және ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы Диас Жақыпов айтып берді. Қоғамдық кеңестерді құру, оларды толыққанды жұмыс істету тетіктері талқыланып, көпшілікке жеткізілді. Бұдан әрі кеңесті жалғастырушыны хабарлап жеткізуші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашевтың айтуынша Көкпекті ауданы қоғамдық кеңесі де үш жылда бірсыдырғы қызметтер атқарып та тастапты. Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселер аудандық әкімшілік апппараты кеңестерінде де, маслихат сессияларында да қаралады екен.

Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқаруы туралы тәжірибесімен бөліскен шешен Серік Оразбайұлы 350 мың тұрғыны бар қаланың 10 секторға бөлінгенін, оларды басқаруда жеткен жетістіктер туралы айтты. Жиынға қатысқан Әдия Фахрутдинова мен Гүлнәр Сләмбекова сала бойынша атқарылып жатқан қызметтерінен есеп берді.
Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, осы отырыста қоғамдық қауымдастықтар, азаматтар мен заңды тұлғалар бүгінгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой-пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы кез-келген лаузымды басшы мен билік органына жеткізе алатыны айтылды.