Жаналықтар

Қауіпсіз демалыс

Жазғы кезең – су айдындарындағы белсенді демалу уақыты. Бұл – суға шомылу және әр түрлі ойындар мен жарыстар, қайықпен және басқа-да жүзу құралдарымен демалу. Бірақ жазғы демалыс қайғылы оқиғалардың салдарына әкелуі мүмкін екендігін есте сақтау керек.

Ыстық шілде күндері- төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін де қалын орман мен өзен көлдер ыстық күндері бақылауда болады . Сондықтан осы өлкенің қонақтары мен тұрғындары ұнататын демалыс орындары болады. Өткен демалыс күндері гарнизон қызметкерлері Бұқтырма су қоймасының жағасына келді, бұл жерде олар судағы қауіпсіздік тақырыбына демалушылармен профилактикалық жұмыс жүргізді, жадынамаларды таратып, азаматтарды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Барлығы рейд кезінде 120 парақша таратылып, 147 адам түсіндіру жұмысымен қамтылды.

Суда болу қағиадалары туралы жадынамалар таратқанда, ТЖ бөлімінің қызметкерлері бейтаныс жерлерде суға шомылуға болмайтындығын, ішімдік ішкен жағдайда тіпті су маңайына жолауға болмайтыны туралы кеңес берді. «Ешкімнің қарауысыз қалған суға түсу орындарында демалғанда» су шетінен, ағаштан, суға сүңгуге болмайды. Алысқа малтудан бас тартыңыз, өйткені денеге суық өту – осы ең басты қатердің бірі болуы мүмкін",- деп мамандар үлкендерге және балаларға суда болу ережесін түсіндірді. Сондай-ақ олар демалушылардың естеріне суда көптеген ойықтар және су айналымдары бар екендігін естеріне салды. Олар көбінесе құмды жерлерде, балалар суға шомылуды жақсы көретін су жиектерінде жиі кездеседі. Бөлімше қызметкерлері ата-аналарға балаларды суға жалғыз жібермеу және оларды малтуға үйрету өтінішімен жүгінді. Олардың сөздеріне қоса арнайы әзірленген түрлі-түсті бүктемелер таратылды. Осындай тәрізді рейдтер судағы жазатайым оқиғалардың қайғылы статистикасынан қажет болғандықтан жүргізіледі. Болған қайғылы оқиғалардың барлығы құтқарушылардың жауапты аймақтарынан тыс жерде және демалушылардың ойламауының себебінен болады. Аудан тұрғындары су қоймаларына бос уақыттарын өткізіп, осыған дейін Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар департаментіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін алғысын білдірді. Айта кету керек, бұл біржолғы әрекет емес; Бұл іс-шаралар жүзу кезеңінде өтеді.

Көкпекті ауданының ТЖБ