Жаналықтар

Көкжайықтың келешегі кемел

Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның ең шалғайында орналасқан  Үлгілімалшы ауылдық округінде болды.  Округтегі 4 елдімекенде 1174 адам тұрып жатыр.

Олардың ішінде 29 жасқа дейінгі 180 жастың, тек қана 4 жұмыссыз екен. 12 көпбалалы  ананың біреуі ғана жұмысқа шығуға қолы тиеді екен. Округ бойынша санитарлық-фельшерлік пункт,  2 орта мектеп жұмыс істеп тұр. Үлгілімашылықтардың әл ауқатының күннен-күнге өсуі қорасындағы  сиырдың өрісіндегі  қойбасының, жайылымдағы жылқысының ен жайлауда, еркін мамырлап қорлануда емес пе. 

Аудан әкімі А.С.Смаилов округтегі байырғы оқу орын-дарының бірі Абай атындағы орта мектептің жөндеу жұмыс-тарымен танысты. Мектеп ғимараты ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдары салынған екен. 90 жылдардың тоқырауы мен ыдырауынан аман калса да, қазіргі күні білімі мен біліктілігі асып тұрса да, ғимарат күннен күнге тозып бара жатқан соң, 2018 жылы 86 миллион теңге қаржыға төбесі жөнделді. Бүгінгі күні мектептің сынып бөлмелерінің қабырғалары мен төбелері әрленіп ақталуда екен. Сонымен қатар мектептің терезесінің орнасы ауыстылып, қайтадан пластик терезелер қойылады екен. Білім ошағының келіскен келбеті ауыл сәнін де кіргізері анық.

Көкжайық ауылына барған кезінде ауданымызда орналасқан ең ірі асыл тұқымды репродукторлардың бірі 2019 жылы толық жобалық қуаттылыққа шығып және 5 мың басқа дейін бордақыға қойылатын малдың санын өсіргелі отыр. «Елім-ай - Көкпекті» АӨК шаруашылығы ангус және герефорд тұқымды ірі қара мал басын әкелді және бүгінгі күні асыл тұқымды мал саны жедел қарқынмен, өз төлінен өсіп жатыр. Енді қыруар малға қамсаулы қора салу құрылысы да жүріп жатыр. Аудан әкімін құрылыс жұмыстарымен таныстырған Түсіпбай Миғражұлы құрылыс жұмыстарына жергілікті осы серіктестікте еңбек ететін мамандар тартылғаны, еңбекақысы мен басқа да төлемдері Еңбек Кодексіне сәйкес жүргізілетінін айтты.

Құрылыс жобасына 946 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда шаруашылықта герефорд тұқымының, қызыл қасқа және қара ангус сиырларының табындары кең өрістене тоғытылған.. «Біз тек осы тұқымдарды ғана таңдап алдық, өйткені олар барлық көрсеткіштері бойынша: жеңіл бұзаулауына, өз төлінен өсіп-өнуіне, ет сипаттамасына қарай дүниежүзіндегі лидер болып табылады» - дейді «Елім-ай - Көкпекті» АӨК басшыларының бірі Түсіпбай Бекбердинов.

Австралиядан әкелінген малдың алғашқы партиясы осыдан 8 жыл бұрын ұшақпен жеткізілген. Сиырлар қыстың суығына ойдағыдай төзіп шығып, біздің елдің табиғаттық-климаттық жағдайлары оларды ұстауға қолайлы болатынын дәлелдеді. «Елім-ай» ЖШС малды жыл бойы жайылымдық жерде байлаусыз ұстайтын «суық» тәсілді таңдап алды. Сол себепті мұнда құрылысқа барынша аз қаржы жұмсап, негізінен жемшөпке көңіл бөлініп келсе, қазіргі таңда мұнда 5000 бас малды бір мезетте қораға байлатын орын салынып жатыр. Қора дегенің заманауи түрде дайындалған. Әрбір мал қорасы компьютер арқылы бақыланып, пультпен басқарылмақ. ІТ технологиялардың Көкпектіліктердің мал қорасына жеткені осы емес пе. Шаруашылық құдықтар жасаумен айналысып, қолдағы бар жайылым жерлерін игеруде, жайылымдық жерлерінің жалпы алаңы Қалбатаудың жанабын толық алып жатыр десе де болады.

Шаруашылық асыл тұқымды еркек тайыншаларды сату арқылы жергілікті мал түрін тұқымдық өзгерту үшін асыл тұқымды малдың санын 5 мыңға дейін жеткізуді өзіне мақсат етіп отыр. Айтпақшы, жергілікті шаруа қожалықтары қазірден бастап-ақ еркек тайыншаларды сатып алуға қызығушылықтарын білдіруде. Сонымен қатар ертең толық қуатымен жұмыс істегенде Тарғыбатай, Күршім, Зайсан, Қатонқарағай аудандарының малын алуға тапсырыс жасайтындарында тілге тиек еткен Түсіпбай Миражұлы, келешекте Көкжайық ауылдық округінің ғана емес бүкіл Көкпекті ауданының экономикасын өрге сүйрер ауылшаруашылығының локомативы боламыз дегендей.

Осы жайттарды жүзеге асыруда жем-шөп базасының әлеуетті болғаны бірінші шарт. Жем-шөп болмаса малды қалай асырайсың? Суармалы егістікке арналған Ақтоғам каналдарының шаруашылықтың егістіктерне жетпей қалғаны жаны ауыртанында ескертіп кетті. Осы сауалға жауап іздеп «Шығыс су қоймаларының» Көкпекті ауданындағы маманы Қанат Шотпановқа барған-ымызда – Каналдардың осы айда ғана тіркеуден өткені, су беру тарифінің жасалғанын, арнадан су алатындарға есік ашық екенін сұрап білдік. Ақтоған әліде 9 километерге ұзартылып, барлық суғаруға ниет білдірген шаруаларға су жеткізіледі деп мәлімдеді ауданның бас мұрабы.
Келешегі кемел Көк-жайықтан аттанғанымызда құрылыс басындағы ауыр техника гүрілі жаңарған даланың жалынды симфон-иясындай естілді.