Жаналықтар

Мемлекеттік рәміздер күні

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданған. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым күні қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Елбасымыз: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран болып табылады.
2019 жылдың 04 маусымында Самар ауылының әкімшілігінің ғимаратында мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу бойынша Самар ауылының тұрғындарымен салтанатты кездесу өтті. Мерекелік шараға Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы С.Құдайберген қатысып, баяндама жасады.
Өзінің баяндамасында С.Құдайберген барлық мемлекеттік рәміздерге тоқталып, қысқаша сипаттап өтті. Геральдика тілімен айтқанда рәміздер қазағымыздың отан сүйгіштік, бір шаңырақ астына барлық Республика халқын біріктіріп, Қазақстан атты үйіміздің қабырғаларын берік орнауы үшін талпынуға шақырады деп аяқтады.


Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі