Жаналықтар

Желбіре, жеңіс жалауы!

Ұлы Жеңістің туы тігілгелі де 74 жыл уақыт өтіпті. Жыл сайын мамыр айының алғашқы аптасымен келіп жететін Ұлы мерекені еліміз республика көлемінде жоғары дәрежеде атап өтіп келеді. Бұл күндері елімізде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдан даласында шейіт болған боздақтар рухына тағзым етіліп, ұлы ерлік жаңғырады.

Биылғы жеткен Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесін аудан жұртшылығы да бір кісідей, өз дәрежесінде ұлықтап, атап өтті. Мереке қарсаңында мекеме-ұйымдар мен білім, тәрбие, мәдениет ошақтарында ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында әртүрлі ізгі шаралар өтті.
Мерекелік жиын мекеме-ұйымдардың салтанатты шеруімен ашылды. Бұдай кейін майдан даласында шейіт болған боздақтар мен бүгінде ортамызда жоқ ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етілді. Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов барша аудан халқын Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттықтады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ауданымыздың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін атап, ардақты ардагерлерге ақ тілегін білдірді. Аудан басшысы өз құттықтауында Ұлы Жеңістің ұлағаты жөнінде айта келіп, елімізге тыныштық, әрбір отбасына амандық тіледі.