Жаналықтар

Арман қуып, асқар шыңға талпындың,
Білім алып, қасиетін ұқ салтыңның.
Азамат бол, абыройлы өнерлі,
Бақытты бол, баласы бол халқыңның. - дегендей Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру мақсатында апталық өтті. «Рухани жаңғыру» «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің «Әрдайым бір қадам алда» атты кәсіптік бағдар беру шарасына Көкпекті аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, жеке кәсіпкерлер, мектеп директорлары, «Мәмбет», «Қалисаттарұлы», «Еңбек-Агро» шаруа қожалықтарының басшылары, Агро-техникалық колледждің жетекшілері ша-қырылып, кездесу ұйым-дастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, апталық барысында 2-11 сыныптарда «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мен таңдаған мамандық», «Мамандық әлеміне саяхат», тақырыбында кәсіби сабақтар, бастауыш сыныптарда «Біз білетін мамандық түрлері» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мұнда оқушылардың мамандық жайлы білімдері сараланып, зерттелді. Сондай-ақ, оқушылар «Менің ата-анамның мамандығы» атты шығарма жазып, еңбек адамының қоғамдағы рөлін анықтаса, енді бірі «Біздің болашақтағы мамандықтар» тақырыбында эссе жазды. 
Кәсіптік бағдар беру кабинетінде ашылғаннан бері атқарылған іс-шаралар туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Жаңабаева кабинет жұмысын слайд арқылы таныстырды. Физика пәнінің мұғалімі Д.Мергенчинов 8 сыныптармен ағылшын тілінде ашық сабақ көрсетіп, қонақтардың көңілінен шықты. Мектепке жаңадан әкелінген ІТ кабинетімен жас маман Б.Кәрібаев таныстырып, жаңа кабинеттің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.
Бүгінгі кезеңнің талабы да оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды» деп Жолдауда айтылған. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы, ауылдағы өндіріс, оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылып, заман ағымына сай жанданып отыр. Қазіргі таңда мектеп ұжымы мен оқушылары көптеген нәтижеге қол жеткізіп жүр. Оқушыларымыз халықаралық ғылыми жобадан, республикалық, облыстық, аудандық сайыстардан, олимпиадалардан жүл-делі орындарды иеленуде.
Ғасырымыз –білімділер ғасыры болғандықтан, заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру біздің басты мақсатымыз. Осындай оқушылармыз өз өнерін, іскерліктерін, білімдерін өз-өзіне сенімді, елдің болашағын ойлайтын, өз ұлтын сүйе білетін, бәсекеге қабілетті тұлғаларға – Ел ағаларына/кәсіпкерлерге көрсете білді. 
Бүгінде мектебімізде интеллектуалдығы жоғары Б.Карменова , А.Сеңгірбаева , Ж.Бакраева сияқты ой-өрісі кең, рухани бай мұғалімдеріміз өте көп. Мектептегі жаңалықтар мен өзгерістер жайлы мектеп директоры Баян Қапезқызы айтып, шақырылған қонақтар мұражайға, жаңадан жабдықталған кабинеттермен танысты.
Кездесу соңында мектеп директоры Б.Бағысова: - Бүгінгі таңда мектебіміздің материалдық-техникалық базасы өмір талабына сай жабдықталып, жаңадан химия, биология, ІТ технология кабинеттері әкелінді. Оқушылар жаңа форматта, жаңартылған бағдарламамен білім алуда. «Менің мектебім» акциясы аясында мектеп түлектерімен де байланыс орнатылған, ұжымдық шығармашылық істер де оң нәтижесін беруде, - деп өз сөзін қорытындылады. Кездесуге келген қонақтар үлкен әсер алып тарқасты.