Жаналықтар

Салық төлеушілердің назарына!

Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары

Осы Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заң) 57-1-бабына сәйкес әзірленді және соманы:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;   

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын;

3) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.

2. Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңның 57-1-бабының нормалары таралмайтын салық төлеушілерге осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды.

МКБ Көкпекті ауданы бойынша