Жаналықтар

Өрттің алдын алайық

Ағымдағы жылда  Шығыс Қазақстан облысы  аумағында өрт қауіпті кезең өткен жылмен салыстырғанда бір ай  ерте басталды. Жаппай жылыну осы көктемде елді мекендер мен орман дала алқаптарында жер бетінің өсімдік қабатының ерте жануына әкеліп соқты.

Орман дала алқаптарының жануы мен өртенуінің негізгі себептернің бірі елді мекен тұрғындарының отпен абайсыз болында (қоқыстарды, сөндірілмеген темекі тұқылы, егістіктердегі шөптерді рұқсатсыз өртеу)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2014 жылғы 09 қазандағы   № 1077   қаулысымен  бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарына сәйкес:

Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:                              

1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;                                            

2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;                                                

3) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын  орман иелеріне хабарланады;               

4) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр                өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;        

5) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы    25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;             

6) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;                              

7) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;                      

8) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан  басталады;       

9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін  мұқият тексеру, барлық бықсу орындары мен жану ошақтарын анықтау және жою, ықтимал қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.

 

Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң орындаған кезде және өртке қарсы қызмет органдарын хабарландырудан кейін сабан шөп қалдықтарын  жағуға жол беріледі.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу үшін құрылыстар мен ғимараттарға 50 метр жақын аумақта қалдықтарды өртеуге, құрғақ және желді күндері қоқыстарды және от жағуға тыйым салынатынын ескертеміз. Осы өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 336 бабына сәйкес 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтары орын алғанда азаматтық қорғау органдарына Самар ауылында 33022 және Көкпекті ауылында 21405 немесе 101 телефонына хабарлау керек.

Көкпекті ауданының ТЖБ