Жаналықтар

Әкімшілік істер медиация тәртібімен қысқартылды

Көкпекті аудандық  сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат С., Б. және  С-қа қатысты үш әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  екі жақтың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істерді қысқартуды сұраған.

Сот қаулыларымен ҚР-ның  ӘҚБтК-нің   64 бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  әкімшілік  істер медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулылар заңды күшіне еңген жоқ.

 

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі