Жаналықтар

Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылау

Көкпекті аудандық жер қатынастар бөлімінде соттың жетекші маманы Ә.Төлегенқызымен   ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын түсіндіру тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс шараға жер қатынастар бөлімінің мамандары қатысты.      Соттың жетекші маманы Ә.Төлегенқызы өз баяндамасында түзетулер мемлекет мұқтажы үшін жер учаскілерін алып қою кезінде тең құнды өтеу жағдайларды жасау қарастырғанын, мысалы, жерді алу үшін өтемақы сомасы нарықтық құнмен анықталатынын, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскісін межбүрлеп иеліктен шығару механизмдері жаңартылғаны және тең бағадағы жер учаскісі жер учаскісін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілу мәселесі рәсімдік тұрғыдан реттелгенін атап өтті.

Сондай-ақ, баяндаушы "айрықша жағдайлар" және "мемлекеттік мұқтаж" ұғымдарының анықтамасы заңнамалық деңгейде берілгені жөнінде қатысушыларға жеткізді.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, барлық туындаған сұрақтар бойынша түсініктемелер алынды.

 

Көкпекті аудандық сотының  баспасөз қызметі