Жаналықтар

Сирена дыбысын естіген кезде

Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шығыс Қазақстан облысында әр айдың екінші сейсенбісінде электросиренаны іске қосу жоспарланған. Осындай жаттығулар дауыс зорайтқыш құрылғылардың жұмысын тексеру үшін ғана емес, азаматтардың өзерінің де білімін тексеру үшін қарастырылған. Халық «Баршаның назарына!» сигналы кезінде барынша дайын болып, өзінің іс-әрекеттерін нақты білу керек. Дыбыстық сигнал үрей шақырмай, керісінше, теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосып, ақпарат тыңдауға шақырады.

Осы сигнал бойынша не істеу қажет?

Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орындарда, көшеде болсаңыз және сирена дыбысын, яғни «Баршаның назарына!» дыбыс сигналын естісеңіз, дереу 102,2 жиілігіндегі  радио «Қазақ радиосын» (ұялы телефон арқылы да қосуға болады) қосыңыз.

Сигналды үйде болғанда естісеңіз, теледидардағы «Хабар», «Казахстан» және т.б. жергілікті каналдарын қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз.

Барлық ересектерге «Баршаның назарына!» сигналы – сиреналардың дыбысы екенін өздері ұғып алып, балаларға да түсіндірулері қажет. Оны естіген кезде қорықпай, оның себептерінің түсіндірілуін күту керек. Подъезд және мекенжай бойынша көршілерге хабар беріңіз – олар беріліп жатқан ақпаратты естімей қалуы мүмкін. Үрей мен өсекке жол бермеңіз.

Жаттығу ретінде қосылған сиреналарға түсіністікпен қарап және міндетті түрде келтірілген ұсыныстырды ескере отырып, өзіңіз міндетті түрде жаттығыңыз.

Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі