Жаналықтар

Құрметті салық төлеушілер! 

Мемлекеттік қызметшілер, жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар мен шартты түрде мерзімінен босатылған азаматтар және жұбайлары ҚР Салық Кодексінің 363, 364 баптарына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының 11 бабына сәйкес 2018 жыл бойынша салық салу обьектісі болып табылатын мүліктері мен табысы туралы мәліметтерді 230.00 нысандағы жеке табыс салығы және мүлкі бойынша декларацияны тұрғылықты жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде тапсырылуға тиіс. Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар мен шартты түрде мерзімінен босатылған азаматтар және жұбайлары жеке табыс салығы декларациясын жұмыстан босатылған уақыттан кейін 3 жыл мерзімінде тапсырады.

Салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы - 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. (2019 ж АЕК-126250 тг). 

Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы