Жаналықтар

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептерінің басты мақсаты-билік органдарының қызметіндегі ашықтықты кеңейту және бар мәселелерді бірлесіп шешу үрдісіне халықты тарту. Аудан әкімінің Самар ауылдық округіндегі халық алдында есеп беру кездесуінде өзекті мәселелер қозғалып, өзара кең ауқымда қызу талқыда өтті.
Самар ауылдық округі - аудан экономикасының дамуына ықпал ететін аудандағы ең ірі округ. Ауылдық округ әкімінің баяндамасында округтің барлық салалары қамтылды. Ахмет Күдербаев аудан мен ауылдық округте әлеуметтік - экономикалық даму, азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін қажетті барлық жағдайлар бар екенін атап өтті. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округ аппараты дербес қаржыландыруға көшті. Бюджеттің 4 деңгейі, яғни ауылдың өз бюджеті болады.Округ тұрғындары алдында сөз сөйлеген Асхат Сайдахметұлы ауылдық округ әкімінің баяндамасына оң бағасын берді. - Біз бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып, оларды бірлесіп шешу, бір келісімге келу үшін бас қосып отырмыз. Самар ауылы әлеуеті бай, табиғаты әдемі, сондықтан халықтың өмір сүру деңгейі осыған сәйкес болуы тиіс, - деп атап өтті аудан әкімі.
Аудан басшысы лауазымына кірісіп, облыс әкімінің аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Бастаушы және Теректі ауылдарында су құбыры желілерін салу жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар аяқталды. Көкпекті және Самарауылдарында су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары басталды. Ауданның тағы төрт ауылына жобалық сметалық құжат дайындау жұмыстары аяқталды. Жос-пар бойынша 2020 жылға қарай елді мекендердің 70% таза ауыз сумен қамту міндеті тұр. Одан әрі аудан әкімі ең өзекті мәселелердің бірі – жол екенін атап өтті. - Ауданда соңғы жылдары аудандық маңызы бар 470 км жол иесіз қалды. Жолдарды жақсарту, оны күтіп ұстау – бұл бірінші кезектегі аудан әкімінің міндеті, - деді Асхат Сайдахметұлы. - Бүгіннің өзінде ауданның коммуналдық шаруашылығына сатып алынған жаңа техникалар 60 км жолға қызмет көрсетеді.
Абаттандыру мәселелерінде сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржы бөлінетін бірқатар басымдықтар белгіленді. Олардың ішінде Шұбарқайын ауылындағы мектеп жанынан жылыжай ашу, шағын футбол алаңы орнатылуда. Мәдениет үйінің саябағында субұрқақ, демалыс сквері орнатылады, мәдениет үйіне автобус сатып алынады. Алдағы уақытта муниципалдық базарды қоғамдық монша етіп қайта құру жоспарланып отыр. Осы мәселені шешу үшін Асхат Сайдахметұлы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке ниет білдірушілерді қатыстыру туралы ұсыныс енгізді. Жарыссөзде Самар ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Дюсупов, зейнеткер И.Дмитриенко, «ДСУ – 14» ЖШС директоры А.Федосов, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Б.Қожамбетов, аудандық маслихат депутаты С. Жотабаев сөз сөйледі.
Ержан Қабдуғалиұлы аудан басшылығының араласуын талап ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Мысалы кәріз жүйесін қайта құру, электр подстанциясын Фонов көшесіне ауыстыру, Тимуров тұйық көшесіндегі бей-берекет тасталған қоқыстар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны, Букетов тұйық көшесіндегі көпірдің апаттық жағдайы, сорғы станцияларынан судың тұрақсыз берілуі, иесіз қалған пәтерлер, Даңқ мемориалы аумағындағы вандализм туралы және басқа да мәселелер атап өтілді. Иван Иванович Дмитриенконы жолдардағы қарды сапалы тазалау, Ешкібай бөгетінің санитарлық жағдайы, телефон нөмірлерінің өзгеруіне байланысты телефон анықтамасы кітапшасының болмауы мәселелері алаңдатады. Баянды Кәкенұлы Қожамбетов аудан игілігі үшін жасалып жатқан еңбектерді айтып өтті. - Қысқа мерзім ішінде халық үшін көп жұмыс жүргізілді. Аға буынға қамқорлық көрсетіп, округтерде ардагерлер үйлерінің ашылғаны үшін алғысымызды білдіреміз.-деді. Александр Иванович Федосов ауылдық жолдарды күтіп ұстау, қаржы бөлу мәселелеріне тоқталып, «бүгінгі жиналыста зал толы екенін көру өте қуанышты. - Бұл билік қарапайым халықпен диалогтан қорықпайтынын білдіреді. Баяндама көлемді болды, өмірдің барлық жақтары қамтылды. Ауданымызға әкім келіп, тұрғындардың мәселелерін шешетініне өте қуаныштымыз",- дей келе аудан әкімі Ахмет Сайдахметұлының жұмысына сәттілік және табыс тіледі. Самарқан Қалисатарұлы, Ахмет Сайдахметұлының бюджет қаражатын тиімді игеру бағытындағы жұмысын атап өтті. Есеп беру жиыны соңында аудан әкімі мен округ әкімі кездесу барысында ауызша және жазбаша түрде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді. Ауыл тұрғындары қойған негізгі сұрақтардың ішінде: Самар – Өскемен маршрутын ашу, Самарға 100 жыл көшесіндегі жол бойындағы арықтар мен жыраларды тазалау, Букетов көшесінің орталық көшесін абаттандыру мәселелері болды. Жиналыста көтерілген мәселелердің барлығы, алдағы уақытта орындалуын қадағалау мақсатында хаттамаға енгізілді.