Жаналықтар

Өрттің себебі — пеш

Қазіргі уақытта әлеуметтік мәселеге байланысты үй иелері және пәтер жалдаушылар үйдегі пештердің жағдайына көңіл бөлмейді және оны бұзылған күйінде қолданысқа жібереді, іс жүзінде әр күн сайын облысымызда «пештің» өрттері болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын келтіріліп, тіпті адамдар ажал құшып жатады.

Бұл өрт категориясы екіге бөлінеді. Біріншіден, жанудың себебі пешті салу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің талаптары орындалмауынан болуы мүмкін. Пештің түтін шығатын мұржасының төбенің ағаш конструкцияларынан жеткіліксіз және  қауіпсіз қашықтықта орналаспауы сонымен  қатар шағын пештің ыстық беттерімен үйдің қабырғаларының арасындағы қашықтықтың болмауы өрттердің пайда болуына әкеледі. Осы себеп бойынша 2019 жылдың басынан бері ауданымыздың Көкпекті ауылында 2 өрт болды, Самар ауылында 1 өрттің нәтижесінде тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстар зардап шекті. Осы өрттерден келген шығын мөлшері бір жарым миллион теңгені құрады.

Басқабәле — пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезінде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиі өртпен пешті бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын салғыштың мөлшерінен артық отын қолдану, пештерге қарауды балаларға тапсырудан, сонымен қатар   пештерді қатты қыздырудан өрт шығуы мүмкін.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателіктерді кешірмейді.

Көкпекті ауданының ТЖБ бастығы азаматтык қорғау подполковнигі А.Е.Сеилкумаров