Жаналықтар

Студенттермен қызықты кездесу

«Отбасылық сот» жобасын түсіндіру және іске асыру аясында, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева, Агро-техникалық колледж студенттерімен Самар ауылының орталық кітапхана ғимаратында   кездесу өткізді.

Кездесуде төраға м.а. сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтарды, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар туралы айтып, сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы және жобаның негізгі  тапсырмалары неке және отбасы институтында отбасын сақтап қалуын, кәмелетке толмағандардың құықтары қорғалуы және балаларға арналған мейірімді әділ соттың дамуы туралы айтып өтті.

Тақырыпты әрі қарай өрбіте отырып А.Амреева осы жоба шеңберінде студенттерге  отбасы құндылықтары, оның ішінде неке және отбасы, жастары кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылатын шараларға тоқталып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында, төраға м.а. А.Амреева  қазіргі таңда аудандық сотта қаралатын істердің көбі отбасылық қарым-қатынастан туындайтын даулар екенін, кейін болашақта осы санаттағы істерді отбасылық соттың соттылығына беру туралы мәселе қарастырылып жатқанын айтып өтті.

Отбасылық соттарда судьялар істің қыр-сырын нақтылап, тараптар арасындағы дауды дұрыс шешу және отбасылық қатынастарды сақтап қалу мақсатында психологдардың, медиаторлардың және басқа да мамандардың қатысуымен  істерді  қарау жоспарланып отырғанын айтып өтті. 

Кездесу тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып,  студенттер көптеген сұрақтарына судья  толыққанды жауаптар берді.

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі