Жаналықтар

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»жылды қорытындылады

Өскемен қаласындағы өңірлік коммуникация қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы 2018 жыл бойынша қорытынды брифинг өткізді. Шара барысында филиал директорының орынбасарлары Жанат Өмірғалиева мен Азамат Есембулов халыққа қызмет көрсету, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар туралы айтып берді.

Филиал директорының орынбасары Азамат Есембуловтың айтуынша,аймақ тұрғындарына 12 ай ішінде2 миллионға жуық  мемлекеттік қызмет ұсынылған, оның508 мыңын өскемендіктер ХҚО-ға келіп өз беттерінше алған. «Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 741 қызметтің 598-ін мемлекеттік корпорация ұсынады.Сондай-ақ тізілімдегі 454 қызметэлектрондық түрде қолжетімді. Жыл басынан бері ШҚО мемлекеттік корпорация филиалы 400 мың ЭЦҚ рәсімделген, бұл өз кезегінде кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету секторы немесе электрондық үкімет порталы арқылы қажетті құжатты рәсімдей алады », – дейді ол.

Сонымен қатар Филиал директорының орынбасары Азамат Есембуловтың айтуынша, 2018 жылдың 29 қаңтарында Өскеменде цифрлық ХҚО ашылды. Бұрын республикалық маңызы бар қалаларда ғана қызмет көрсеткен цифрлық ХҚО қазір Қазақстанның он бір қаласында жұмыс істейді. Цифрлық ХҚО – бұл мемлекеттік қызметтерді цифрлық технологиялардың көмегіменалуға мүмкіндік беретін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының республика бойынша ашып жатқан жаңа үлгідегі фронт-офисі. Цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған.  Азаматтар өз бетінше операторлардың көмегінсіз қажетті қызметтерді алып,өзінің цифрлық сауатын арттыра алады.

Сонымен қатар жыл басынан бері елімізде баланың дүниеге келуіне байланысты проактивті қызмет жобасы енгізілді. Бүгінде жаңа туған баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін ұялы телефонның болуы жеткілікті, сондай-ақ босанушы ананың ЖСН-і мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет.Жыл басынан бері осы жоба арқылы 1297 туу туралы куәлік рәсімделсе, 1158 бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды. 

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнетақы жасына жеткен қазақстандықтар  үшін зейнеткерлікті ресімдеудің тәртібі оңтайландырылған болатын.«Енді зейнетақыны тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидатымен Мемлекеттік корпорацияның ХҚО-лары арқылы жүзеге асырылады», – деп атап өтті филиал директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева. Жалпы есепті мерзім ішінде әлеуметтік-еңбек саласы мемлекеттік қызметтер стандарты бойынша 70 мыңға жуық қызмет ұсынылды. Оның ішінде 31 мыңға жуығы ШҚО бойынша мемлекеттік корпорация филиалы арқылы көрсетілсе, 2 мыңға жуығы электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылған. Сонымен біргефилиал директорының орынбасары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер көлемінің өсетіндігін атап өтті.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Мемлекеттік корпорациясының»
Шығыс - Қазақстан облысы бойынша филиалы