<
Жаналықтар

Қайда жылыну қажет 

Шығыс Қазақстанның жол учаскелерінде 4 күре-жолдық медициналық-әлеуметтік бекеттері мен 16 жылыту бекеттері  жұмыс істеп тұр. 

Облыстың жол учаскелерінде 4 күре-жолдық медициналық-әлеуметтік бекеттері (КМӘБ) жұмыс істеп тұр – бұл жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-бағдарлы жоба. Әр бекетте тәулік бойғы режимде 5 маман жұмыс істейді, олар: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы мен жүргізуші-құтқарушы. Бекеттер арнайы медициналық техникамен, медициналық мүлікпен, арнайы авариялық-құтқару жабдықтары жинағымен жасақталған, ЖКО оғиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге, ЖКО орындарында жансақтау шараларын жүргізу және зардап шегушіні емдеу мекемесіне тасымалдау кезінде, тікелей орында арнайы авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана отырып құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Сондай-ақ тікұшақ алаңы көзделген.

КМӘБ қызметкерлері ЖКО кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетумен қатар өтініш білдірген кезде де көмек береді. Қыс кезінде КМӘБ жылыту бекеттері ретінде пайдаланылады. Егер де сіз қар борасындарының құрсауында  қалып қойсаңыз жол қызметтерінің келіп, жолда тазалағанға дейін медициналық-әлеуметтік бекетте отыруыңызға болады. Алайда, азаматтар ТМӘБ азық-түлік бермейтінін есте ұстағаны жөн.

КМӘБ мына бағыттарда орналасқан:

1. «Привольное» «Өскемен-Семей» тас жолында 84 шақырымда, Ұлан ауданы Привольное ауылының жанында, телефоны 8 (72333)-31446

2. «Жарма» «Алматы-Семей» тас жолында 865 шақырымда, Жарма ауданы Аршалы ауылының жанында, телефоны 8 (72347) -40814

3. «Семеновка» «Семей-Павлодар» тас жолында 634 шақырымда, Бесқарағай ауданы Семеновка ауылының жанында, телефоны 8 (72336) 22929

4. «Семей» «Омск-Майқапшағай» тас жолында 826 шақырымда, Жарма ауданы Сарыбұлақ ауылының жанында, телефоны 8 (722347) 67803 

Бекеттер ашылғаннан бастап бес жыл ішінде 270-тен астам шығу болды, шамамен 800 адамға медициналық көмек көрсетті, 139 адам – емханаға жатқызылды. КМӘБ шалғайдағы ауылдарда тұратын халыққа да көмек көрсетеді. Осылайша, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өтініш білдірген 1400 адамға көмек көрсетті.

Облыстың тас жолдарындағы төрт медициналық-әлеуметті бекеттерден басқа 16 жылыту бекеті де бар. Олардың орналасқан орны мен мекенжайлары төменде берілген.

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы жылыту бекеттерінің орналасқан жері туралы мәлімет 

р/с

Жолдардың атауы

Орналасқан жері

   1.

«Алматы-Өскемен» а/ж

км 775 – Аягөз қ. – ДЭП-1, ДЭУ -71

 

     2.

 

 

 

 «Омск-Майкапчагай»а/ж

 

 

 

км 733 – Семей қ. –ДЭУ - 26,

 Широкая к-сі,7

км 973 - ПК Байбура - ДЭУ-29

км 1002 – Көкпекті а. – ДЭУ - 29

км 1258 -   Зайсан қ.- ДЭУ-33

     3.

 «Қарағанды обл. шекарасы-Кайнар -Баршатас-Аягөз-Бұғас»

км 528 - Баршатас а.– ДЭП, ДЭУ -71

 

     4.

 «Таскескен-Бақты» а/ж

км 128 -  Мақаншыа.– ДЭП, ДЭУ-24

км 9 – Таскескен а. – ДЭП, ДЭУ-24

км 78 - Үржар а.– ДЭУ - 24

    5.

 «Өскемен-Семей» а/ж

км 46 – Таврия а. – ДЭП, ДЭУ-30

    6.

 «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары»

км 46 -  Северноеа.– ДЭП, ДЭУ-30

км 166 –Зырян а – ДЭП, ДЭУ- 32

    7.

 «Өскемен-Тарғын-Самар» а/ж

Тарғын а, 62 км

Перевал «Умыш», 109 км

    8.

«Күршім-Қалжыр-«Ақбұлақ-Ашалы»

Егіндібұлақ а.

    9.

 «Теректі-Урунхайка-Тосқайың» а/ж

Ұрынхайка а., 57 км

  

Көкпекті ауданының ТЖБ