Жаналықтар

Абайлаңыз, көктайғақ!

Халыққа хабарлаймыз: Жолда абай болыңыз, көктайғақ! Көктайғақ төтенше жағдайлардың. себептерiнiң бiрi.

Олар тек жүргiзушiлерге ғана емес, сонымен қатар автокөлiктерге де төтенше бола алады. Көктайғақ кезiнде апаттардың болу мүмкiндiгi жоғарылайды. Жүрiгушiлер үшiн негiзгi жағдайлар— жаң-жақты көрiп, төмен жылдамдық және абай болушылық.

Көктайғақ кезiнде жүргiзушiлерге де қауiп төндiредi. Жарақаттанғандардың қатарында болмау үшiн мына ережелердi орындау қажет:

· Өзiңiздiң аяқ киiмiңiзге назара ударыңыз: табаны тайғақ материалдан жасалмаған, ыңғайлы аяқ киiм алыңыз. Ал сәнқой әйелдерге биiк өкшелi аяқ киiмнен бас тартуға ұсынылады;

· Аяқ астына қарап, қауiптi жерлерде өтпеуге тырысыңыз. Егер су болған, «мұзды» жерден өтуге мүмкiндiк болмаса, шаңғышы сияқты өтуге тырысыңыз, кiшкентай тайғақ қадамдар мен.

· Көлiк өтетiн жерлерде сақ болыңыз. Асықпаңыз және жүгiрмеңiз.

· Таудай төбешiк жерлердi өтуге тырысыңыз.

· Егер сiз көктайғақта құласаңыз, онда құлаған сәтте, сүйектерiңiздi жарақаттанбай, жерге ақырын құлауға тырысыңыз. Қолда ұстап тұрған затыңызды құтқаруға тырыспаңыз. Көтерiлуге тырыспаңыз, өзiңiздi қарап шығып, жарақаттар жоқ екенiне көз жеткiзiңiз, кетiп бара жатқандардан көмек көрсетуiн сұраңыз.

Есте сақтаңыздар: ең қауiптiсi арқаға, бетiңiзбен жоғары құлау болып табылады. Себебi мұнда мидың шайқалуына тап бола аласыз. Жарақат алған кезде мiндеттi түрде дәрiгере барып, медициналық көмек алыңыз.

Көктайғақ құбылысы

Автокөлiкшiлерге ақыл:

Жолдардағы көктайғақ құбылысының болуы апаттық оқиғалардың болу мүмкiндiгiн тәуекелi жоғарылатады, сондықтан да мүмкiндiгiнше көлiк жүргiзуден бас тартыңыз, ал мұндай мүмкiндiк болмауы кезiнде қосымша қауiпсiздiк шараларын сақтаңыз.

Көктайғақ жағдайында көлiктi төмен жылдамдықпен жүргiзу керек. Сондай-ақ алда келе жатқан көлiкен ара қашықтықты ұзарту қажет. Екi жақта келе жатқан, қатар немесе қарама-қарсы кележатқан көлiктердiң ара қашықтығы да сәйкесiнше ұзартылуы қажет. Көпiрлерде, жолы тез қататын, өту жолының көп деңгейлi жерлерiнде ерекше абай болған жөн.

Қоғамдық автокөлiктер тоқтайтын аялдамаларда және жүргiншiлер жүретiн жерлерде өтетiн кезде алдын ала жылдамдықты төмендетiңiз. Құрметтi азаматтар, жолда абай және сақ болыңыз!

Көкпекті ауданының  ТЖБ