Жаналықтар

1 желтоқсан ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі мен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың жан-жақтысараланғанішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», дегенсөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңг ер тұлға.

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президентті

К институтқа қадамбастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көпбиікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлемелдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі. Осынау ел халқыныңбірлігі мен берекесінұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

А.Смаилов, аудан әкім

Т.Сарманов, аудандық маслихат хатшысы