Жаналықтар

«Жемқорлықпен күресу» тақырыбында студенттермен әңгімелесу

Самар ауылының орталық кітапханасында Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева агро-техникалық колледж студенттерімен «Жемқорлықпен күресу» тақырыбында әңгімелесу жүргізді.

Судья студенттерге «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының нормаларын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының басты  бағыты мемлекеттік қызметтердің стандарттарын енгізу болып табылатынын атап өтті. Ұзаққа созылған кезекте тұру, міндетті түрде тиісті құжаттарды ұсыну, қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасы-бұның бәрі қарапайым адамның тыйтығына  тиіп, ақыр соңында қандай да бір оңай жолмен шаруасын бітіруге  итермелейтінін айта кетті.

Қазіргі кезде сенім телефоны арқылы сыбайлас жемқорлықты анықтау тиімсіз болуда. Сондықтан тың әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды талап етеді. Бүгінде елімізде сот жүйесінің қызметін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді заңнама жасақталып, сот ісін жүргізуді оңайлататын және республика соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы ашықтығын жетілдіретін алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар енгізіліп жатқаны жайлы сөз қозғады.

Шара барысында А.Амреева жемқорлықпен күресу мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес, мемлекеттің ары қарайғы тағдырына алаңдайтын әрбір азаматтың парызы болып табылады.  Осыған байланысты қоғам болып  осы бір мемлекеттік органдардың беделін бұзатын жаман әдетке қарсы тұру қажет екендігін айтты.

Сонымен қатар төраға м.а.  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» жеке бөлімдеріне тоқталып өтті.

Іс-шара соңында студенттер судьяға қызықты тақырыптағы кездесу үшін алғыстарын білдірді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі