Жаналықтар

«Ел дамуының жүйелі жоспары»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы – қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті.

Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сал­ған болса, енді Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр. Осының өзі­мен Қазақстанның көшбасшысы мем­лекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен эко­но­микалық және саяси жетілудің шыңы­нан көрінеді. Жолдауда атап көр­сетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде беріл­ген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мем­лекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – міне, адам капиталын ин­вес­тициялауға жасалған осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары сөз­сіз.

Жалпы, Қазақстан Президенті өз халқының әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бұл жетістіктерге тиімді тиімді құрымдылық , конституциялық және саяси реформалардың аркасында қол жеткізілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басым бағыты болып қала беретін атап көрсетті. Осы орайда тұрғындардың табысын молайту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.  Сондықтан, ең төменгі жалақыны көтеру, жаңа, жақсы төленетін жұмыс орындарын құру сияқты бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ. 

Сонымен қатар, Жолдауда алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу көзделген. Бұдан бөлек, медициналық жүйені трасформациялау, спорт және дене шынықтыру қызметін дамыту, халықты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қолға алынады.

Жолдауда халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы және қолжетімдібаспана мәселесін шешу, елдің аумақтық дамуына көзғарастарды қалыптастыру, қауісіздік құрылымдарын жаңғырту шараларын жүзеге асыру ісі қамтылған.

Елбасы  келесі жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды . "Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынамын", - деді президент. 

Жолдау соңында Президент Н.Назарбаев әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін  жете түсінуі тиіс екендігін айта келіп, «Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды»- деді. Біздің бұл сөзге алып қосарымыз жоқ. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті өз жолдауы арқылы ел дамуының жоспарын жүйелеп, нақты мақсат-міндеттерді айқындап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп берген.

Сондықтан, біз – мемлекеттік қызметкерлер тек осы бағытта жұмыстар атқарып, Елбасымыздың саясатын іске асырып, еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болуына барлық күш-қуатымызды салуымыз міндет болып табылады.

Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасының басшысы: Б.К.Жадрин