Жаналықтар

«7-20-25» Бағдарламасы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардан 49 млрд. теңгеден артық жалпы сомасына қарыз алуға 4 200 өтінім қабылданғанын хабарлайды. Оның ішінде банктер 33 млрд. теңгеден артық сомасына 2 794 өтінім мақұлдады.

Шығыс Қазақстан облысы өңірлер ішінде төртінші орынға ие, осылайша ШҚО банктері ағымдағы жылдың 1 қарашасына 2,4 млрд. теңгеден артық сомасына қарыз алуға 269 өтінім қабылдады. Оның ішінде 1,6 млрд. теңгеден артық сомасына 188 өтінім мақұлданды.

ҚР Ұлттық Банкінің
Шығыс Қазақстан филиалы