Жаналықтар

Жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру

Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілгеніне осымен үшінші жыл, ол 2004-2009 жылдары қарыз алған күрделі ипотекалық кредит алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға бағытталған. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі бұрын-соңды болмаған 3% құрады. Бағдарламаның мақсатты тобының шарттылығы сонда, 2008-2009 қаржылық дағдарыс жылдары қазақстандықтар жұмыстарынан айырылды, бизнес кіріс әкелуді қойды және қарыздарды өтеу мәселесі алда тұрды.

Ипотекалық нарыққа қосымша жүргізілген мониторинг, ағымдағы экономикалық ахуалдың осал жері валюталық ипотекалық қарыз алушылар болып табылатынын көрсетті, себебі валюталық бағамдардың ауытқуы олардың қарыз мөлшеріне әсер етті.

2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті, соған сәйкес бағдарламада жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін теңгемен алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша қайта қаржыландыру көзделеді.

Осы бағдарлама аясында қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады. 2016 жылы 1 қаңтарда шетел валютасында табысы жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздарды беруге тыйым салынғанын ескерсек, Бағдарламаны жүзеге асыру банктердің портфельдеріндегі шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарды жоққа шығарады және халық үшін келешекте валюталық тәуекелді болдырмайды.

Бағдарламаның тиісті талаптарына сәйкес 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3% аспайтын, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін және Бағдарламаның тиісті талаптарымен алынған шетел валютасындағы қарыз бойынша – жылдық 12%, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін – жылдық 3% құрады.

Банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда, қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі - 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. Ипотеканы қайта қаржыландыру үшін қарыз алушы кредит алған банк филиалына жүгінуі қажет.

Қайта қаржыландыру бағдарламасының шарттарымен толығырақ Ұлттық Банкінің «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады, не болмаса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Шығыс Қазақстан филиалына кеңеспен жүгінуге болады:

Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 3, байланыс телефондары: 56-06-71, 56-06-72 және 56-06-73.

 

Ақпаратты дайындаған Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы