Жаналықтар

Медиация –жанжалдарды шешудің кілті

Көкпекті аудандық сотының судьясы Н.Жаныбекова сот қызметкерлері арасында «Медиация-жанжалдарды шешудің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Өз баяндамасында Н.Жаныбекова медиация–жанжалдарды шешудің кілті, дауларды реттеу баламасы екенің айтып өтті. Сотқа дейінгі дауларды шешілуін  қамтамасыз ететін дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты қанағаттандыратын  және өзара тиімді бітімгершілік  келісіміне қол жеткізу тәсілі. Осылайша, тараптар уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысы жеңілдейдідеп атап өтті. Медиация азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қолданылатыны туралы жеткізді.

Медиацияны қолданудың тәртібі мен ерекшеліктері талқыланып, қатысушылар өз пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді  қорытындылай келе барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі